Тапсырма: бағалау үшін дескриптор қҰрастырыңЫЗ. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Сараң мен алтын



Дата13.06.2023
өлшемі15,11 Kb.
#100863
Байланысты:
1 мәтін


ТАПСЫРМА: БАҒАЛАУ ҮШІН ДЕСКРИПТОР ҚҰРАСТЫРЫҢЫЗ.
Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.


Сараң мен алтын
Бір сараң адам барлық дүниесін ақшаға айналдырыпты да, сол ақшаға
алтын сатып алыпты. Алтынды жерге көміп, жасырып қояды.Сараң күнде сол алтынға келіп, қызығып қарайды екен. Оның күнде келіп жүргенін көріп, жақын жерде жұмыс істеп жүрген адамдар оның алтынын тауып алып, ұрлап алады. Иесі алтынның жоқ екенін көріп, қатты айқайлап, жылай бастайды. Қасына бір адам келіп: «неге жылайсың»,- деп сұрайды.Сараң жағдайды айтады. Сонда келген кісі: «Сен қайғырма. Алтын жатқан жерге тас қой да, оны алтын деп ойла. Саған бәрібір емес пе? Сен алтынды қолданған жоқсың ғой»,- депті. (Эзоптың мысалы).
1- сұрақ
Мысалдың негізгі ойы неде?
А)Ұрланатын байлықты сақтауға болмайды.
В) Адамдарға сенуге болмайды.
С)Қолданылмаған нәрсе жоқпен тең.
D) Өзгертуге болмайтын нәрсеге ренжіме.

2- сұрақ
М


әтін оқиғасының реті қандай?


1.Алтын жатқан жерге тас қой



2. Бір адамдар оның алтынын алып қойыпты


3


. Алтынды жерге көміп, жасырып қояды





4. Бір сараң адам алтын сатып алыпты.


3- сұрақ
«Сараң» сөзінің антонимімен сөйлем жазыңыз.


4- сұрақ
«Оның күнде келіп жүргенін көріп, жақын жерде жұмыс істеп жүрген адамдар оның алтынын тауып алып, ұрлап алады» сөйлемінде «оның» сөзін қандай сөзбен ауыстыруға болады?


А) Сараң адамның
В) Ұрлаған адамның
С) Айтқан адамның
D)Бір адамның


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет