23
жетелейді» -деген сөз бар. Бір рет басталған нашақорлықтан арылу үшін
анаңның , туған-туысқандарыңның көз жасы да тоқтата алмайды. Түрлі
сериалдар мен кинолардан көріп жүргеніміздей, нашақорлыққа бір рет үйір
болған адамның өмірі де астан-кестен болады. Отбасының берекесі қашып,
балаларына дұрыс тәлім-тәрбие бермек түгілі, олардың да теріс жолға түсуіне
зардабын тигізеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, әрбір адам
келешегін ойлауы керек. Өз басын ғана ойламай, қасындағыларға қалай әсер
ететінін де біліп жүргені дұрыс. Егер біздің қасымызда нашақор адам жүрсе,
бізге де тыныш, жайлы өмір жоқ. Ендеше, осы бір індетпен күресуіміз керек.
Меніңше, деніміз сау болып өмір сүргеннен артық ештеңе жоқ. Ал енді
денсаулығымыз мықты болу үшін не керек? Ең алдымен, күн тәртібін құрып,
сол тәртіпке өз-өзімізді бағындыра білуіміз керек. Сондай-ақ ең керегі – спорт
пен өнерді жанымызға серік ету. Білім ала жүріп, жаман әдеттерден жирене
білуді айқын білген жан ешқашан да өз-өзіне жамандық жасамайды. Болашағын
ойлаған адам бала кезден өзін тек жақсы әдеттермен дос болуға
қалыптастырады. Сондықтан біз де зиянды әдеттерден арылып, ертеңгі күні
өмірімізге үлкен соққы боларын бүгінгі күннен ойлауымыз қажет.
Қорыта келгенде, денсаулығымыздың мықты болуын ойласақ, уақытында
пайдалы тамақ ішіп, спортпен айналысып, денемізді шынықтырып, уақытында
дене еңбегі мен ой еңбегін алмастырып отырсақ екен. Адам баласына ең басты
байлық деп берілген денінің саулығы өзінің қолында екенін естен
шығармағанымыз жөн. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»- деген
нақыл сөз бәрімізді ойландыруы керек. Ешкім де темекі тартпаса, есірткі
пайдаланбаса, дүниеге келер балалардың дені сау болып, ешбір адамның
денсаулығына зиян келмес еді. Деніміз сау болса, ешқандай ауруға
шалдықпай, өмірімізді қызықты өткізер едік. Сонда өміріміз мәндіде
мағыналы болар еді. Шынында да, дені сау болғанның қандай керемет екенін
біле жүрейік!Денің сау болса, өмір де қызық, айналамыз да құлпырып, өзіміздің
пайдамызды қоғамымызға тигізіп, отбасын құрып, ұрпақ тәрбиелеп, ата-анамыз
бен жақындарымызды қуанышқа бөлеп, бақытты өмір сүрер едік! Адамға бір-ақ
рет берілетін өмірде бақытты болғанға не жетсін! Өз-өзімізге қатаң талап
қойып, сол талабымызға жете білсек, соның өзі де бақыт емес пе?! Бақытты
болғымыз келсе, деніміздің сау болуы өз қолымызда екенін ешқашан естен
шығармасақ екен!
Достарыңызбен бөлісу: