1. Білім алушы өзі туралы.
- білім алушының өзі туралы мәлімет (қысқаша өмірбаяны, фотолар),
- пән бойынша алдына қойған мақсаттары,
- пәнді игеруде күтетін нәтижелері мен жұмыс жоспары,
- пән игеруде қолданатын әдіс-тәсілдері.
2. Пәннің теориялық мазмұны.
- терминологиялық сөздік (глоссарий),
- оқу материалдары (тірек лекция, конспект, Интернет материалдары, т.б.),
- өзі тапқан қосымша материалдар.
3. Жұмыс үлгілері.
- ғылыми-әдістемелік жұмыстары (баяндамалар, құралдар, мақалалар),
48
- шығармашылық жұмыстар (эссе, сценарийлер, өзі қойған тәжірибелердің
сипаты мен нәтижелері, өзі құрастырған ойсергектер, есептер, сөзжұмбақтар, т.б.),
- семестр бойы өзіне ұнаған екі сабақтың жоспарын (құрылымын) келесі үлгі
бойынша келтіреді: тақырып, сабақ кезеңдері, сабақта қолданған әдіс-тәсілдер,
сабақтың ұтымды жерлері, сабақтың маңыздылығы,
- бірге оқитын жолдастарының озық жұмыс үлгілері.
4. Жетістіктер.
-
жаңалықтары
(келтірген
жаңа
ақпараттары,
өздігімен
анықтаған
заңдылықтары),
- ең ұтымды шыққан жұмыстары,
- марапаттаулары.
5. Ой-толғаныс.
- пәнді оқу/игеру процесіндегі өзінің рөлі туралы ой-толғанысы,
- өзінің ой-толғаныстарын көрсететін әрекеттерді сипаттау (сабақ талдау,
пікірталас ұйымдастыру, интервью мәтіндерін келтіру, сауалнамаларға жауаптары),
- өзін-өзі бағалау,
- өз жұмысы туралы есептері,
- оқу процесі туралы ой-толғаныстары (эсселер, хаттар, пікірлер).
Портфолионы бағалау критерийлері
Критерийлер
Жоғарғы балл
Барлық бөлімдер келтірілген
2
Өздігімен қосымша бөлімдер кіргізу
5
Портфолионы құрастыруда зерттеу әдістерін қолдану
10
Портфолионы құрастырудағы өзінділік пен дербестік
10
49
Материалдарды безендіру
8
Портфолионың студент үшін пайдасы, қорытынды жасау
10
Бірге оқитын жолдастарының пікірлері
5
Ой-толғанысқа негізделген материалдар
10
Портфолионы таныстыру (жариялау, презентациялау)
10
Достарыңызбен бөлісу: |