ЖАНҰЯ
- 131 -
өтуімен бұзылады» деген екен. Сондықтан әрдайым сақ жүру
керек, шайтанмен нәпсінің мұндай әрекетіне жол бермеу
керек.
Ислам тек әйелдерге келмеген, тек еркектерге де келмеген.
Тек ата-анаға да жіберілмеген. Ислам бүкіл адамзатқа келді.
Барлық адамдар Исламға мойынсұнуға міндетті. Кім Ислам
бойынша жүретін болса, дүниеде де, ахиретте де бақыт
табады, пайдасын көреді. Егер машинаның бір дөңгелегі
жарылған болса, машина жүрмейді. Сағаттың да бір тісі сынса
істемейді немесе дұрыс жүрмейді. Сол сияқты жанұяда да
бір адамның қатесі, кемшілігі бүкіл жанұяның тыныштығын,
бақытын бұзады, тіпті ақыр аяғында ұяның бұзылуына да
әкеп соғуы мүмкін.
Сондықтан әркім өзіне мұқият болуы керек, өз міндетін
білуі керек, шектен аспауы керек, кемшілігі болса, кешірім
сұрап, өмірде жаңа парақ ашып қуанышпен тату өмірді ары
қарай жалғастыруы керек. Дінімізде кісіні ренжітуге тыйым
салынғаны секілді, бостан босқа ренжуге де тыйым салынған,
Мұсылманға үнемі жақсы көзбен қарау керек, кемшілігін
көрмеу керек. «Мен білмейтін бір себебі болса керек» деп
оны кешіру керек, тілімен де оны ренжітпеу керек. Кешірімді
болғандар кешіріледі, жақсы көзбен қарайтындар да жақсы
көріледі.
Күйеуіне қолынан келгенше жылы шырай көрсетіп,
сүйіспеншілігін білдіру керек, тілімен де оны ренжітпеу
керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
Достарыңызбен бөлісу: