ЖАНҰЯ
Т Ү Р К І С Т А Н К І Т А П Ү Й І Бақыттың кілті Жанұя * Ата-ана ақысы * Ерлі-зайыптылардың міндеттері * Бала тәрбиесі Түркістан Кітап Үйі
Алматы - Қазақстан Қазыбек би көшесі, 90/533 үй, 2 пәтер Сейфуллин даңғылының қиылысы Тел: +7(727) 293-55-98 Алматы - 2016
ЖАНҰЯ
УДК ББК Б Даярлаған: Бимурзаев Н. - Алматы «Euro Print» ЖШС. 2016, - 266 бет. Издатель: «Түркістан мәдениет қоры» қоғамдық қоры. ISBN Бұл кітап кең оқырман қауымға арналған. Отбасының қоғамдағы маңызы, отбасыда ата-ананың құрметі, ерлі-зайыптылардың міндеттері, бала тәрбиесі секілді өзекті мәселелер баяндалады. Бүгін отбасы құндылықтарымыз үлкен қауіпте. Жаһанданып жатқан дүниеде «заманауи» деген ұранмен ұсынылып жатқан әдепке жат қасиеттерді сіңіріп, ақырын ақырын түп тамырымыздағы құндылықтарымызды жоғалтып келеміз. Маскүнемдік, есірткі, ұрлық, зорлық-зомбылық секілді барлық жамандықтардың түбі негізінде отбасылық құндылықтардың бұзылуынан бастау алады. Бұл ақау дұрысталмайынша қаншама шырылдасақ та нәтиже өзгере қоймайды. Ұмытпайық отбасы күшті болса, адам да, қоғам да күшті болады. Отбасылық құндылықтарымызға бекем болмасақ, келеңсіздіктер шешілмейді. Шешім отбасылық құндылықтарымызды сақтап қалу. «Бақыттың кілті – Жанұя» есімді бұл еңбегімізде жанұя ішіндегі әрбір мүшенің өзіндік рөлдерін және жанұяның қоғамдағы орнын