Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
52
инвестициялық саясатты жасау және жүзеге
асырудағы
ынтымақтастықты ұйымдастыру;
шаруашылықтың нарықтық жағдайында келісілген өзара
байланысты құрылымдық-инвестициялық саясатты қай-
та құру;
тәуекелдерден инвесторларды қорғау (кепілдемелер,
сақтандыру және т.б.).
Инвестициялық саясатты жүргізудің алғышарты ретінде 1997
жылы 28 ақпанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау туралы» ҚР-ның заңы қабылданды. Бұл заң мемлекеттегі
тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау үдерісіндегі пайда
болатын қатынастарды реттеді. Сонымен қатар, шетел инвес-
торларының құқығын және ҚР-ның
аумағында инвестициялық
қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітті. Тіке-
лей инвестицияларды
мемлекеттік қолдаудың құрылымын
келесідей қарастыруға болады:
инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заңдық
кепілдіктері;
инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты
белгілі бір жеңілдіктер немесе артықшылықтар жүйесі-
нің болуы;
инвесторлардың мүддесін қорғайтын арнайы мемлекет-
тік органның болуы;
ҚР Үкіметінің халықаралық
ұйымдармен бекіткен келі-
сімдері және белгілі бір нормативтік-құқықтық актілері
негізінде саяси тәуекелдерді жабу кепілдігін беруі.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау экономиканың
басыңқы секторында жүзеге асырылды. Экономиканың басыңқы
секторларын ҚР-ның Президенті бекітеді. Осыған сәйкес 1998
жылдың 5 сәуір айында тікелей «Отандық және шетел инвес-
тицияларын тарту үшін ҚР-ның экономикасының басыңқы сек-
торларының тізімін бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығы
шыққан.
Жарлықтағы
басыңқы секторларға жататындар:
өндірістік инфрақұрылым;
өңдеуші кәсіпорын,
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
53
ірі қалаларға құрылыс объектілері;
үй
ғимараттары;
әлеуметтік орындар мен туризм объектілері;
ауыл шаруашылығы.
Инвестициялық үдерістегі мемлекеттің рөлі орталықтанды-
рылған және орталықтандырылмаған салымдардың мемлекеттік
саясатын жүзеге асырады. Сондай-ақ, мемлекеттің функциясы
икемді экономикалық саясатты жүргізу, нарықта қаражаттардың
қозғалысын реттеу, мемлекеттік бағалы қағаздардың проценттік
мөлшерлемесін басқару жолымен инвестициялық үдерісті рет-
теу болып табылады.
Тiкелей отандық және шетелдiк инвестицияларды экономи-
каның басыңқы секторларына тартуды ынталандыру, мемлекет-
тік инвестицияларды пайдалануды
оңтайландыру және оның
тиiмдiлiгін арттыру мен iшкi жинақтарды жұмылдыру саясаты
жалғаса береді береді. Елдің инвестициялық тартымдылығын
арттыру және инвестициялық жағдайды жақсарту үшін қолда-
ныстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша
жұмыстар жүргізілуде.
Басыңқы өндірістердің инвестициялық тартымдылығын арт-
тыру шеңберінде мемлекет:
миноритарлық акционерлердiң
құқықтарын қорғауды
күшейтуге;
кәсiпорынды тiркеудiң жеңiлдетілген жүйесiн енгізуге;
қызмет түрлерiн лицензиялаудың ашық жүйесiн құруға;
кәсіпорындардың халықаралық қаржылық есептiлік
стандарттарына көшуiн жеделдетуге;
ұлттық инновациялық жүйені – экономикалық дамуды
басқарудың жаңа жүйесін дамыту бойынша жұмыстарды
жалғастыруға;
мемлекеттік даму институттарының жұмысын үйлестіру
бойынша іс-әрекетті жандандыруға, олардың қызметінің
ашықтығын арттыруға бағытталған шараларды одан әрі
қабылдайтын болады.
Қазіргі уақытта бюджеттік инвестициялардың қосымша ба-
сыңқы секторлары:
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
54
мемлекеттік басқару функцияларын тиімді іске асыруды
қамтамасыз ету;
әлеуметтік секторды дамыту;
базалық инфрақұрылымды дамыту;
аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесу;
Астана қаласын дамыту болып табылады.
Сондай-ақ шағын бизнес субъектілеріне несие беру мүмкін-
діктерін ұлғайтуға және инновациялық жүйені дамытуға ықпал
ететін даму институттары қосымша капиталдандырылады.
Мемлекеттің инвестициялық саясатында кедергінің жоқты-
ғынан шетел инвесторларының – Қазақстанның тек шикізат
саласына
ғана емес ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі,
туризм, телекоммуникация, тау-кен саласы және білім, меди-
цина салаларына да инвестиция салуларына мүмкіндіктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: