3.3
Инвестициялық саясатты жүзеге
асырушы органдар
1998 жылдың 8 қарашасында ҚР Президентінің Жарлы-
ғымен ҚР-ның инвестиция бойынша мемлекеттік Комитеті
құрылды. Бұл орталықтандырылған атқарушы орган – тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік
басқару мен бақылау қызметін атқара бастады. 1999 жылдан
бастап ол ҚР-ның инвестиция бойынша Комитеті болып
өзгертілді.
ҚР-ның инвестиция бойынша Комитетінің негізгі мақсат-
тары мемлекеттегі инвестициялық климатты жақсарту, эконо-
микаға тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарту-
мен қатар, оларды қолдау, инвесторларға инвестициялық жоба-
ны дайындау мен жүзеге асыруына көмек беру, инвесторлардың
құқықтары мен кепілдемелерін сақтау болып табылады. Сондай-
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
55
ақ, осы қойылған мақсатқа жету үшін ҚР-ның инвестиция
бойынша Комитетінің міндеттері келесілер болып табылды:
мемлекеттің инвестициялық саясатын дамыту стратегия-
сын дайындау мен жүзеге асыру;
инвестициялық климатты жақсартатын шаралар жасау;
инвесторлармен өзара байланыстың тиімді жүйесін құру
және инвесторлардың құқықтары мен қызығушылық-
тарын қорғау;
тікелей инвестицияларды тарту мен пайдалану бойынша
жұмысты ұйымдастыру;
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы
жарнамалық, ақпараттық акцияларды жүргізу.
Комитеттің келесідей функциялары бар:
ҚР-на тікелей инвестицияларды тарту бойынша шара-
ларды ұйымдастыру;
инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ҚР-ның
мемлекеттік органдары қызметтерін шоғырландыру;
әрбір инвестициялық жобаны іске асыруға құқық беретін
құжаттарды, лицензияларды, визаларды берумен қамта-
масыз ету;
бекітілген инвестициялардың ҚР-да сапалы қызметтерді
және тауарларды жүргізуіне көмек көрсету;
инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына бақы-
лау жасау.
Осы функцияларды орындауда Комитеттің келесідей өкілет-
тіктері (құқығы) бар:
орталық және жергілікті атқарушы органдардан қажетті
ақпараттарды алу және сұрау;
келісім-шартқа сараптама жүргізу мен оны әзірлеу үшін
тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, сондай-ақ
басқа да елдерден кеңесшілері мен сараптама жүргізу-
шілерін тарту және сырттан шақырту;
іске асырылатын инвестициялық жобаға шетелдік инвес-
торлардың қатысуын ынталандыру мақсатында орталық
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
56
және жергілікті органдармен шетелдегі дипломатиялық
қызметті үйлестіру;
келісім-шарттарды әзірлеуге, оларды іске асырумен бай-
ланысты мәселелер бойынша министрліктердің, өзге де
өкілетті ұйымдардың орындалу үшін қаулылар шығару.
Комитет қызметінің негізгі бағыттарының бірі – инвести-
цияларды мемлекеттік қолдау бойынша шараларды іске асыру.
Ол инвесторларға инвестициялық преференциялар беретін,
келісім-шарттарды жасайтын, экономика секторына салынған
инвестицияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып
табылады.
Біріншіден, преференциялар салықтық және кедендік түрде
беріледі.
Екіншіден, ҚР-ның шикізаттық емес секторына инвести-
цияларды тарту мақсатында шетелдік компаниялармен келіссөз
дер ұйымдастыру және олармен мемлекеттік институттардың
қарым-қатынасын дамытуды өзара үйлестіру ісі де осы Коми-
етке жүктелген.
Үшіншіден, бұл Комитет ҚР Президенті жанындағы Шетел
инвесторлары Кеңесінің қызметін қамтамасыз ететін оның
жұмыс органы болып табылады, ал Кеңестің өзі кеңес беруші
орган ретінде Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлармен
тікелей сұхбатты қамтамасыз етеді, сондай-ақ инвестициялық
қызметке байланысты проблемалық мәселелерді шұғыл шешу
мақсатында Мемлекет басшысының 1998 жылғы 30 маусы-
мындағы Жарлығымен құрылған. Комитет инвестицияларға
арналған шарттардың бірыңғайлылығы мен әділдігін қамтама-
сыз етеді, мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығын
нығайту және инвестициялық бастамаларды ынталандыру
сияқты мәселелермен айналысады.
Инвестиция саласындағы мемлекеттік саясаттың қолданыс-
тағы тетігі ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар
кеңесі және соған ұқсас ҚР Президентінің жанындағы кәсіп-
керлер кеңесі болып табылады. Бұл аталған Кеңестер бюро-
кратиялық кедергілерді жою, саясатқа импортты алмастыруға
ықпал ету, жұмыс қолын тарту мен пайдалану саласында
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
57
құқықтық базаны жетілдіру, мамандандырылған экономикалық
соттарды қолдану аясын кеңейту мен сот жүйесін жетілдіре түсу
бағыттарын қарастырады.
Президент жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi ҚР
Конституциясының 44-бабының 20-тармақшасына сәйкес, ҚР
Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығы-
мен құрылды.
Шетелдік инвесторлар кеңесі және Кәсiпкерлер кеңесi ҚР
Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар
болып табылады.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің негізгі міндеттері:
ҚР-ның инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын
айқындау;
ҚР-дағы инвестициялық ахуалды жақсарту;
ҚР-ның инвестициялар туралы нормативтік құқықтық
базасын жетілдіру;
ҚР-ның экономикасын әртараптандыруға, өнеркәсіптік
секторын индустрияландыруға, шағын және орта бизне-
сін дамытуға шетелдік компаниялардың жәрдемдесуі;
ҚР-ның экономикасын әлемдік экономикалық процес-
терге интеграциялау;
ҚР-ның экономикасына шетелдік инвестицияларды тар-
ту стратегиясы;
ҚР-ның халықаралық маңызы бар ірі инвестициялық
бағдарламалары мен жобаларын іске асыру мәселелері
бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып
табылады.
ҚР-ның Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің төр-
ағасы болып табылады.
ҚР Президентiнiң жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi қызметiнiң
құқықтық негiзiн ҚР-ның Конституциясы, заңдары, ҚР Прези-
дентiнің актілерi, ҚР-ның өзге де нормативтiк құқықтық актілерi
құрайды.
Кәсiпкерлер кеңестің негiзгi мiндеттерi:
елдi дамыту үшiн отандық iрi бизнестiң әлеуетiн
жұмылдыру;
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
58
отандық инвестицияларды пайдалану мен қорғаудың
негiзгi бағыттарын айқындау болып табылады.
Кәсiпкерлер кеңесінің міндеттеріне сәйкес келесідей негiзгi
функциялары бар:
iскерлiк белсендiлiктi ынталандыру және отандық инвес-
торлар үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi шара-
ларды айқындау;
экономиканың құрылымдық реформалары жөнiндегi
ұсыныстарды тұжырымдау.
Кәсiпкерлер кеңесінің жүктелген мiндеттердi iске асыру және
өз функцияларын орындау үшін келесідей құқықтары бар:
инвестицияларды тарту, кәсiпкерлiктi және жаңа техно-
логияларды дамыту мәселелерiн қарауға;
қаралған мәселелер бойынша шешiм қабылдауға, олар
хаттамалармен ресiмдеуге;
қажет болған жағдайда өз жұмысына қатысу үшiн мем-
лекеттiк органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың
басшыларын шақыруға құқықтары бар.
Кәсiпкерлер кеңесінің Кеңес жұмысын ұйымдастыруда ҚР-
ның Президентi Кеңестiң төрағасы болып табылады.
Кәсiпкерлер кеңесінің құрамына мемлекеттiк органдардың
басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалары, сондай-ақ отан-
дық iрi бизнес өкiлдерi кiредi. Дербес құрамын ҚР-ның Прези-
дентi бекiтедi.
Кәсiпкерлер кеңесінің отырыстары қажеттiгiне қарай
жылына кемiнде бiр рет, Кеңес төрағасы айқындаған мерзiмде
өткiзiледi. Кеңес мүшелерi оның отырыстарына алмастыру
құқығынсыз қатысады. Кеңестiң шешiмдерi ҚР Президентiнiң,
ҚР Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, орталық атқарушы және
өзге де мемлекеттiк органдардың актiлерiн шығару арқылы iске
асырылуы мүмкiн.
Бұлармен қатар, инвестициялық ахуалды жақсартумен байла-
нысты жүйелі мәселерді шешу үшін ҚР Премьер-Министрінің
төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі
кеңес белсенді қызмет етеді. Бұл кеңес ҚР Үкіметінің 2012
жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысымен құрылған.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
59
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің ереже-
сіне сәйкес оның негізгі мақсаттары отандық және шетелдік
инвестицияларды тартуда және тиімді пайдалануда жәрдемдесу,
сондай-ақ өз қызметі барысында Қазақстанда кездесетін күрделі
мәселелерді шешуде инвесторларларға қолдау көрсету болып
табылады.
ҚР-ның Инвестициялар және даму министрлігі Кеңестің
жұмыс органы болып табылады, ол Инвестициялық ахуалды
жақсарту жөніндегі кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-
техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде
Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті
құжаттарды, материалдарды дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |