Инвестициялық мүмкіндіктер жиынтығы (investment oppor- tunity set) – инвестициялық портфель үшін «тәуекел-
табыстылық» мүмкінді жиынтығы
Инвестициялық портфель – инвестициялық объектілерге
салымдардың анықталған инвестициялық стратегияға
сәйкес мақсатты құрылған салымдардың жиынтығы
Инвестициялық үдерістегі мемлекеттің рөлі – мемлекет
орталықтандырылған (әртүрлі деңгейдегі бюджеттер
есебінен) және орталықтандырылмаған (мемлекеттік
кәсіпорындардың өзіндік және қарыз қаражаттарының
есебінен жүзеге асырылатын) капитал салымдарының
мемлекеттік саясатын жүзеге асыру
Инвестициялық саясат – инвестициялық қызметті жандан-
дыру, экономиканы көтеру мақсатында шаруашылық
субъекті-леріне жағымды жағдайларды жасау бойынша
шаралар жиынтығы
Инвестицияның тиімділігі – «ақшаның уақытындағы бағамы»
концепциясында бағаланады және инвестициялардың
тиімділігін бағалау ақша қаражаттар ағымында,
жобаны жүзеге асыруда бір-біріне қатарластыруда
айқындалады
Инфляция (inflation) – тауарлар мен қызметтерге жалпы баға
деңгейінің өсу қарқыны
Инфляция қарқыны (inflation rate) – өлшенген СІР өсу
жылдамдығы сияқты бағалардың өсу жылдамдығы
Ипотекалық несиелеу – жылжымайтын мүлік объектілерін
сатып алуға және салуға (қайта құруға) несиелер беру –
көптеген нарық субъектілерінің өзара әрекетін білді-
ретін маңызды экономикалық және әлеуметтік функ-
цияларды
орындайтын
несиелік
қатынастардың
формасы
Капитал жұмсалымы – бұл жаңа қорларды құру, істеп тұрған
негізгі қорларды кеңейту, техникалық жағынан қайта
қаруландыруға жұмсалған шығындар жиынтығы