Қор биржалары (stock exchanges) – шығарылған бағалы қағаз-
дарды сауда қатысушыларының сатып және сатып
алатын екінші ретті нарықтар
Қорғалған «пут» опцион (protective put) – опционның орын-
далу бағасына тең минималды табысты қамтамасыз
ететін активтің «пут» опционымен комбинациясы
Қысқа мерзімді инвестициялар – әдетте бір жылға дейінгі
кезеңге салынатын капитал салымдары (мысалы, қысқа
мерзімді депозиттік салымдар, қысқа мерзімді жинақ
сертификаттарын сатып алу және т.б.)
Лизинг – бұл белгілі бір мүлікті сатып алып, кәсіпкерлік
мақсаты үшін кәсіпорынға уақытша пайдалануға беруді
қарастыратын кәсіпкерлік қызмет түрі, қаржыландыру
әдісі
Макродеңгейде инвестицияларнемесе капитал салымдары –
ұлттық экономиканың дамуы мен қоғамдық өндірістің
тиімділігін көтеруге арналған негіз
Мониторинг – бірінші және аса маңызды басқару элементі
болып табылады, оның мақсаты – берілген портфельдің
типіне сәйкес келетін инвестициялық қасиеттерге ие
бағалы қағаздарды таңдау
Мульти жоба –жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру,
жаңғырту немесе жаңадан құру мақсаттағы жоба
Нақты активтер (real assets) – өнімдер мен қызметтерді өндіру
үшін қолданылатын активтер
Нақты инвестициялар – нақты активтерге, яғни материалдық
және материалдық емес активтерге немесе ғылыми-
техникалық прогреспен байланысты материалды емес
активтерге қаражаттарды салу инновациялық инвести-
циялар
Нақты проценттік мөлшерлеме (real interest rate) – инфляция
қарқынынан проценттік мөлшерлеменің өсуі. Инвести-
ция нәтижесі болып табылатын сатып алу қабілетінің
өсу қарқыны
Нарықтық (курстық) баға– бұл екінші нарықта сатылатын
және сатып алынатын акцияның құны. Өтімді-тиімді
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
97
бағалы қағаздар нарығында акцияның нарықтық бағасы
– бұл уақыттың әрбір сәтінде жасалған мәмілелер
бойынша ағымды бағалардағы құны