Форвордтық келісім-шарт (forward contract) – екі тарап
арасындағы активтерді болашақта белгілі бір мерзімде
келісілген баға бойынша жеткізу туралы келісімі
Форвордтық проценттік мөлшерлеме (forward rate) –ұзақ
мерзімді облигациялардың күтілетін жиынтық табыс-
тылығын кезеңмен облигацияларды күтілетін жиынтық
табыстылығымен теңестіретін болашақ мерзімге бол-
жанған қысқа мерзімді проценттік мөлшерлеме
Франчайзинг – ірі компанияның кіші компанияға өзінің сауда
белгісін, технологиясын беру бойынша қызмет түрі
Фундаменталды талдау (Fundamental analysis) – болашақта
пайда мен дивиденд алу, кәсіпорынның болашақ про-
центтік мөлшерлемесі мен тәуекел күту сияқты фак-
торларға тәуелді акция құнын талдау
Фьючерстік баға (future price) –бүгінгі күні бекітілген және
фьючерстік келісім-шарт бойынша өтеу мерзімінде
төлеу қарастырылатын баға Фьючерстік келісім-шарт (future contract) – тараптардың нақ-
ты активті алдын ала келісілген баға бойынша белгі-
ленген уақыт мерзімінде сатып алуға немесе сатуға
міндеттенетін келісім-шарты
Хайринг – 1-3 жылға дейін берілген лизингтің түрі
Халықаралық жоба – жоба барысында дүниежүзілік нарықта
қажетті материалдарды пайдаланады
Шарп коэффициенті (Sharpe measure) –портфель тәуекелі үшін сыйақының өзгерімге қатынасының мәні; порт-
фельдің артық табыстылығының портфель табыстылы-
ғының стандартты ауытқуына қатынасы
Шетелдік инвестициялар – бұл ҚР территориясындағы кәсіп-
керлік қызметтің объектісіне шетел инвесторына тиісті
азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша, бағалы
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
101
қағаздар, басқа мүлік, интеллектуалды қызметтің,
сонымен бірге қызмет пен ақпарат нәтижелеріне
ерекше құқықтардың ақшалай бағасына ие мүліктік
құқықтар объектісі түрінде шетел капиталын салу