Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№25 билет
1)
Ортағасырлық ғұлама Әл-Фарабидің «ізгіліктің қаласы» туралы ілімі негізіндегі
қоғамдық-саяси идеяларды түсіндіріңіз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпелілер империясы
–
Ғұндар мемлекетінің әлемдік тарихи процестерге тигізген әсерін талдаңыз.
Ғұндардың әскериленген мемлекеті
375 жылы олар Еуропаға дейін жетіп, герман тайпаларына шабуыл жасайды.
Еуропадағы ғұндар туралы ақпарат ежелгі дереккөздерде пайда болады, оларды «Батыс
ғұндар» деп атайды. Олар туралы Венгриядағы, Румыниядағы, Болгариядағы ежелгі
ескерткіштерде руникалық жазулар сақталған. Ғұндардың батысқа қарай жылдам алға
жылжуы оңтүстік-шығыс Еуропа халықтарының өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Гот
тайпаларының жеңілісі халықтардың ұлы қоныс аударуына себеп болды. Батыс
Германия мен Францияның шығысындағы көптеген қалалар қирады.
https://e-history.kz/kz/news/show/33472
сайтынан алынған
[10]
3)
«Моңғолдардың Орталық Азияны жаулап алуы көшпелілердің әскери-әкімшілік
басқару жүйесіне үлкен өзгерістер әкелді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз?
Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: