Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары Пән: Қазақстан тарихы Бағыты



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата14.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#101301
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
2023 ОШ Билеты История Казахстана ОСО 11класс каз

 
 
 


 
Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары 
Пән: 
Қазақстан тарихы
 
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны 
Білім беру ұйымының атауы:___________________________ 
Сынып: 11 Литер:___ 
Білім алушылардың аты-жөні___________________________ 
 
 
 
№26 билет 
 
1) 
ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан халқының моноэтникалық 
құрамының өзгерісін сипаттаңыз. 
[5] 
2) 
Берілген дереккөзді және тарихи біліміңізді пайдаланып, ХХ ғасырдың екінші 
жартысында Қазақ КСР Ғылым академиясының ғылымды дамытудағы рөлін 
түсіндіріңіз.
ҚазКСР Ғылым академиясы бөлімдерінің 1946–1956 жылдардағы ғылыми 
қызметі 
Ғылым академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы, мәдениетінің, табиғи 
ресурстарының зерттелуіне жол ашты. ҒА-ның құрамына минералды ресурстар, физика-
математикалық ғылымдар, биологиялық және медициналық ғылымдар, қоғамдық 
ғылымдар бөлімдері енді. 1956 жылы Қ.И. Сәтбаевтың басшылығымен Орталық 
Қазақстанның металлогенді картасы құрастырылды. 1946 жылы Тау-кен институтының 
негізі қаланды. Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындарын зерттеу жоспарланды. 
Ол көмір кен орындарының тиімді пайдалану әдістерін жан-жақты зерттеп, кендіктегі 
тозаңмен күресу жолдарын да іздеді. Республикадағы барлық энергетикалық 
ресурстардың зерттелуі Энергетика институты жұмысының басты бағыты болды. 
«Халық шаруашылығын дұрыс электрлендіру» деген сұраққа басты назар аударылды.
1945 жылы құрылған Химиялық ғылымдар институты республикадағы минералды 
ресурстарды зерттей отырып, металлургия саласына қажет болған электрохимиялық 
және амальгамдық үдерістерді зерттеді. Институт өнеркәсіптегі мұнай және химия 
қалдықтарын пайдалану мәселесін қарастырды. 
https://e-history.kz/kz/news/s
how/2768 сайтынан алынған
[10] 
3) 
«Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік 
іргетасына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды 
негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет