24
Пікірталас – оқу/оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі, өйткені оқушылар
қандай да бір өміршеңді мәселе немесе проблеманы жан-жақты қарастыру
және талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін
жинақтап, оларды қолдана отырып,
өз көзқарасын пайымдау мен
түйіндеуге, өзге пікірлерді ескеруге және оларды өз қажетіне пайдалануға
үйренеді.
Оқушылар
пікірталаста
еркін
қарым-қатынаста
болып,
өз
позицияларын қалыптастыру және қорғау, олады өзге пікірлермен
салыстыру әрекеттерімен айналысады. Сол арқылы олар демократиялық
қоғамның басты ерекшелігі болып табылатын
идеологиялардың
қақтығысуына белсенді түрде араласады. Пікірталас оқушы сыныпқа
өмірдің
шынайы проблемаларын әкеліп, оларды әртүрлі көзқарас
тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдерін табуға бағыттайды.
Баяғыда Үргеніш ханы Сырым батырды мұқату мақсатында
кенеттен оған мынандай сауал қойған екен: «Дау мұраты не? Жол
мұраты не? Сауда мұраты не? Қыз мұраты не?». Сонда Сырым шешен
жұлып алғандай: «Дау мұраты – біту, жол мұраты – жету, сауда
мұраты – ұту, қыз мұраты – кету!» деп жауап қатқан екен.
Бұл жерде «біту» сөзі тек «аяқталу» деген мағынада емес, сонымен
бірге «бітімге келу» деген мағынада қолданылған. Пікірталастың мақсаты
жеңу емес –
ортақ бір мәмілеге, бітімге келу, қарастырылған проблеманы
шешу екендігін ұмытпаған абзал. Көп жағдайда оқушылар бұл қағиданы
ұстанбай, жеңіске жетуге ұмтылуы да мүмкін. Олар мұндай кезде ізет пен
байыпты, әдет пен тәртіпті ұмытып, қызыл кеңірдек болып,
қарсы пікір
ұстанғандардың жағасынан алуға дайын болады. Әрине, бұл жерде оларға
ақиқаттың өзінің де, оған барар жолдың да қажеті болмай қалады.
Пікірталаста қатысушылар жаңалық ашуға ұмтылмайды, олар өздері
үшін маңызды бір пікір қабылдайды. Ал бұл пікір басқа пікірлер мен
көзқарастардың тоғысуы мен қақтығысынан пайда болады. Алғашында
қандай да болмасын сипатта болған үйренушілердің пікірі талас пен
сайыста келтірілген өзге тұжырымдардың
ықпалымен өзгереді, яғни
олардың қасиеттерін белгілі бір дәрежеде қабылдайды, өзіне сіңіреді.
Пікірталастың басты мақсаты – әр үйренушінің қарастырылған
проблема бойынша өзіндік пікір, көзқарасты қабылдауы, бір байлам мен
шешімге тоқтауы. Мұндай проблеманың ғылымда, теория мен практикада
нақты шешімі бар болғандықтан, оны үйренушілер
сыныпта тек өздері
үшін ғана қабылдайды.
Мұғалім пікірталастың мынандай ережелерін қадағалауды талап етуі
керек:
1. Пікірталаста тұлғаның жеке қасиеттері сыналмай, тек пікірлер,
көзқарастар мен пайымдаулар ғана сыналуы тиіс.
2. Пікірталаста басты мақсат жеңу емес – ақиқатқа жету.
25
3. Басты этикалық ереже: басқа пікірлермен келіспеуге болады, алайда
оларды сыйлау керек.
4. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлуге болмайды.
5. Басқа пікірлермен келіспеушілік болған жағдайда, оларға жалаң
түрде баға бергеннен гөрі (
«Бұл дұрыс емес!», «Бұл қате
Достарыңызбен бөлісу: