Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет1/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Тойбазарова-Н.А.-Учебное-пособие-ИНТЕРБ-1




«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
Н.А.Тойбазарова 
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
(Оқу құралы) 
НҰР-СҰЛТАН – 2019 



УДК 373.31 
ББК 74.24я73 
Т 50 
Пікір жазғандар: 
Нағымжанова Қ.М. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Төребаева К.Ж. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Тоқсанбаев А.М. - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
Т 50 
Тойбазарова Н.А.
Интербелсенді оқыту технологиясы.Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан: 
«Тұран-Астана» унив. баспасы, 2019. – 89 бет. 
ISBN 978-601-7871-67-3 
Оқу құралында интербелсенді оқыту технологиясының ғылыми-теориялық 
негіздері және интербелсенді оқытудың педагогикалық шарттары қарастырылған. Оқу 
құралының мақсаты – болашақ мектеп мұғалімдерін интербелсенді оқытудың негізгі 
идеялары мен әдіс-тәсілдерімен таныстырып, оларды өз тәжірибесінде қолдануға 
шақыру. 
Бастауышта интербелсенді оқыту әдістемесі жасалып, интербелсенді оқыту 
әдістерін оқу үдерісіне енгізудің тиімділігі көрсетілген. 
Еңбек бастауыш сынып мұғалімдеріне, жоғары оқу орындарының студенттері 
мен оқытушыларына, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттары әдіскерлеріне 
және осы саладағы магистранттарға арналған. 
УДК 373.31 
ББК 74.24я73 
«Тұран-Астана» университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен 
баспаға ұсынылды 
ISBN 978-601-7871-67-3
© Тойбазарова Н.А., 2019 
 



КІРІСПЕ 
«Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең –
есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң -үйренемін!»
көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы)
ХХІ ғасыр оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияны 
пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді, 
олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды 
процесс, себебі елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және 
басқа да өзгерістер білім жүйесін сол өзгерістер тұрғысында дамытуды 
талап етеді[1]. Жаңа педагогикалық технология балаларды сабақ 
процесіндегі белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Міне осы талап 
тұрғысынан алғанда «Оқытудың интерактивті әдісі» шешуші орын алады. 
Егерде сабақ үстінде оқушылар мен мұғалімнің арасында тығыз қарым – 
қатынас орнатылса және ұтымды нәтижеге жетсе, бұлайша оқытуды 
интерактивті деп атаймыз. Мұндай қарым – қатынас оқушылар өз 
ойларын талқылап, шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Тәуелсіз 
Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі 
сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы 
арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты бастауыш 
сынып оқушыларының танымдық әрекетін белсенді, оны тиімді басқару 
және дамыту тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі мәселе ғана емес, 
маңызды әлеуметтік міндет болып табылады. 
Қазақстан Республикасында білім беруді 2011-2020 жылдарында 
дамытудың мемлекеттік бағдпрламасы ауқымында білім алушылардың 
оқуды аяқтағанда қандай құзыреттіліктерді меңгеруі қажет екендігін 
былайша көрсетуге болады [2] : 

Қазақстандық идея мен өзнділікті қалыптастыру негізінде өз Отаны 
үшін жауапкершілікті жүктеу дайындылығы; 

Өзіндік тұрғыдан танымдық әрекеттерге дайын болуы; 

Проблемаларды шешуге дайын болуы;

Ақператтық-коммуникациялық 
технологияларды 
тұтынушы 
деңгейінде тиімді қолдану дайындығы; 

Тұлға аралық қарым-қатынасқаауызшажәне жазбаша түрде дайын 
болуы(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде); 

Әлеуметтік өзара әрекеттесуге дайындық; 

Өзін-өзі дамыту, өркендету, жүзеге асыруға дайындық. 
Міне, бүгінгі заманның осындай ерекшеліктері оқыту ісінде 
интербелсенді әдістеменің қажеттілігін дәлелдейтін тәрізді. Барлық 
денгейлерде оқу процесі шәкірттердің өздігімен атқаратын белсенді 
әрекеттерден құралуы қажет. 
Таным әрекетерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде 
интербелсенді оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың (үйренуі мен 



үйренушілердің) тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен 
келген «interactiv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» 
мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни 
интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілерлің өзара әрекеттесуін 
оқудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын 
әдістер. 
Басқаша айтқанда «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-
қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диолог құру. Ал 
«интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) 
негізделген оқыту, диолог арқылы үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші», 
«үйренуші-үйренуші», «үйренуші-өзімен өзі»форматтарында жасаған 
қарым-қатынас(«әңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер») [ 
3].
Интербелсенді оқыту білім игеру процесін ұйымдастыруда мынаған 
ынталы: 
1) Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға 
мүмкіндік жасау. 
2) әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін 
ортағасалып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік 
жасау. 
3) үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру. 
Интербелсенді оқыту - әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрету, 
ал мұндай ұстаным қомақты нәтежелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп 
есептелінеді, өйткені адамның жадында бірнеше мезетте тек өзінң әрекеті 
мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Сол себепті де интербелсенді 
оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің 
негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтанда итрбелсенді 
оқу/оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтежелігін үйренушілердің 
естесақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек 
әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады. 
Интербелсенді оқыту оқушының тәжірибесі тұрғысынан жасаған 
белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал үйренушілердің тәжірибесі 
дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен 
идеялары, 
ұстанымдары 
мен 
пайымдаулары,тұжырымдары 
мен 
қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Оқушылар 
таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибиесімен бөліседі, міне осындай 
байланыста, қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде 
игеріледі. 
Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен 
құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің 
есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен 
жаттауға негіделген білім (репродуктивтік) тек есте сақтау дәрежесінде 
болса, құрастырылған (конструктвтік немесе сындарлы) білім үйренушіден 
түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және 



бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Қайталау емес өздігімен 
білім құрастыру қажет бұл күнде. Ал бұл мақсатқа әр сабақта 
интербелсенді әдістемені қолдану арқылы ғана жетуге болады. 
Басқаша сөзбен айтқанда, оқытудың басты мақсатын дәстүрлі «Өмір 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет