Олимпиада екі айналымнан тұрады.
Бір оқушы екі айналымға
да қатысады.
1-айналым
–
қатысушы
Абай
қарасөздері
мен
поэзиясы
негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазады (3 сағат);
2-айналымда:
1) М.Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша:
а) Қатысушы М.Әуезовтің “Абай жолы” романынан берілген үзіндінің қай тарау,
бөлімнен алынғанын айтып, мазмұнын жалғастырады;
ә) Роман мазмұнынан “сократтық” сұрақтар беріліп,
логикалық деңгейі
тексеріледі.
2) Абай шығармашылығы бойынша дайындалған тапсырмаларға жауап береді:
а) Өлеңнің адам өміріндегі орнын Абай өлеңдерімен дәлелдейді;
ә) Өлең жазудағы ақынның мақсатын Абай өлеңдерімен дәлелдейді.
3) Абай поэзиясын қалай меңгергендігін байқау:
а) Абай өлеңдерінің құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
ә) Абайдың қазақ поэзиясына қосқан жаңалығын дәлелдейді.
4) Абай іліміне оқушы өз көзқарасын білдіреді. Мысалы:
а) Абай айтқан “бес асыл іс” бүгінгі күнде өзекті ме?
ә) Абай халқына қандай жол ұсынды?
5) Абайтанушылар жайлы жалпы білімін көрсетеді.
6) М. Әуезовтің “Абай жолы” романынан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау
арқылы грамматикалық сауаттылығы анықталады.
Жұмыстарды бағалауда неғұрлым объективтілікті қамтамасыз ету үшін
Олимпиаданың барлық қатысушыларымен тапсырмаларды талқылау жүргізіледі.
Тапсырмаларды талқылағаннан кейін,
қатысушылардың тілегі бойынша,
жұмыстарды үйлестіру өткізіледі.
Қатысушылардың жетекшілері Олимпиаданың өткізу уақытында,
келген
сәттен бастап өтетін орынға дейін, оны өткізу мерзімі
және кейін тұрғылықты
орнына жеткізілгенге дейін қатысушылар үшін толық жауапты.
Достарыңызбен бөлісу: