Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Иммуноферменттік анализдің негізгі принциптерін



Pdf көрінісі
бет71/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

Иммуноферменттік анализдің негізгі принциптерін (ИФА) 
XIX-XX ғасырлар аралығында неміс ғалымы Пол Эрлих болжаған. 
Тірі ағзаның қорғаныс жүйесінің қызмет ету механизмін ойлай 
отырып, тіндеріне «антигендер» деп аталатын бөгде объектілер 
кірген жағдайда ағза өндіретін «антидене» идеясын тұжырымдады. 
Ағза, бөгде объектінің нақты түрін жəне басып кіруден қорғану 
реакциясының əдісін, кілттің құлыпқа сай келуі сияқты бір-біріне 
сай келетін антидене жəне антигендердің өздеріне тəн бірлесіп 
əрекет етуі нəтижесінде ғана анықтауы мүмкін. Нəтижесінде, 
Эрлих қозғаған фундаментальды идеялар радиоиммундық тал-
дау əдісіне негіз салды, бұл əдісті ойлап тапқан физика жəне 
ядролық медицина профессоры Розалин Ялоу 1977 жылы Нобель 
сыйлығына ие болды. Қазіргі уақытта радиоактивті изотоптар 
жəне айтарлықтай күрделі жабдықтарды қолдануды қажет ететін 
талдаудың радиоиммундық əдісі ығыстырып шығарылған, оның 
орнына қарапайым əрі қауіпсіз ИФА əдісі қолданылады.
ИФА-ді орындаудың қысқа оңтайландырылған сызбасын қа-
рас тырайық. Тағамдық жəне биологиялық объектілердің хи-
миялық қосылыстарын талдау үшін негізінен «бəсекелесетін» 
иммуноферменттік анализ нұсқасы қолданылады, сондықтан ИФА-
дің тек ELISA деп аталатын əдісі жөнінде сөз қозғалатын болады. 
Өндіруші ИФА-дің дайын жинағына талдауға қажетті материал-
дар, буферлік жəне стандартты ерітінділер кіргізеді. Химиялық 
қосылыстарға (антигендерге) арналған антиденелер (антитела) тірі 
ағзаның қан сарысуынан алынған жəне планшеттің қатты бетіндегі 
96 шұңқырға сіңірілген (12 а-сурет).


135
12-сурет. Иммуноферменттік анализдің орындалу 
сызбасы (ИФА): а – иммуносорбция процесінің басталуы
б – иммуносорбция процесінің аяқталуы; в – планшетті жуу; 
г – тізбекті реакцияның дамуы
Таратқыштың активтендірілген беті, құрамында антигені бар (мы-
салы, левомецитин) ерітіндімен байланысқанда, антиденелердің бір 
бөлігі бақыланатын қосылыстың молекулаларымен өзара бірлесіп 
əрекет етеді, яғни дезактивацияланады. ИФА-дің бəсекелесетін 
нұсқасында бақыланатын ерітіндіні планшет шұңқырында конью-
гат деп аталатын ерітіндімен араластырады, коньюгат-фермент 
молекулаларымен химиялық байланысқан (таңбаланған) антиген-
дер молекулаларын құрайды. Планшеттің инкубациялануының 
белгілі бір кезеңінде (30 минуттан 2 сағатқа дейін), нақты бір тем-
пературада таратқыштың бетіндегі антиденелер таңбаланған жəне 
таңбаланбаған антигендердің иммуносорбциялануы нəтижесінде 
дезак-тивацияланады (
12, б-сурет).
Инкубациядан кейін жүретін планшетті жуу іс-шарасынан 
кейін таратқыштың бетінде тек сіңген антигендер таралады, ал 
таңбаланған жəне таңбаланбаған антигендердің арақатынасы 
бақыланатын ерітіндідегі антигендердің бастапқы концентрациясы-
на тəуелді болады (
12, в-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет