159
радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сəуiрдегi
N:219-1 Қазақстан Республикасының Заңы).
Сонымен қатар
«Ядролық жəне радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
30 шілдедегі № 768-Қаулысы, «Радиациялық қауіпсіздік норма-
лары – РҚН-99», «Радиациялық қауіпсіздікпен
қамтамасыз етудің
негізгі санитарлық ережелері – РҚҚНСЕ-99» жəне т.б. нормативтік
құжаттар бар.
Қазақстан Республикасының аумағында дайындалатын, сырт-
тан əкелінетін жəне айналымдағы тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
жəне тағамдық құндылығы цезий-137 жəне стронций-90-ның
үлесті белсенділігі бойынша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 6 тамызындағы
№ 611-бұйрығымен бекітілген «Тағам өнімдеріне қойылатын-
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ере-
желеріне сəйкес келуі керек. Тағам өнімдері қазіргі жəне
болашақ
ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіретін радиоактивті заттардың
рұқсат етілетін мөлшері бойынша бекітілген нормативтік
құжаттардың талаптарына сəйкес келуі керек.
Тағам өнімдерінің əр партиясына сапа жəне қауіпсіздік,
соның
ішінде радиациялық қауіпсіздігі куəлігін толтыру қажет. Сəйкестігі
«Тағам өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережелеріне расталатын, радиоактивті
заттардың мөлшері туралы тиісті құжаттарда белгісі жоқ өнім түскен
жағдайда, жабдықтаушы нормаланатын радионуклидтердің мөлшері
бойынша өнімнің əр тобының құрамына міндетті түрде
зерттеу
жүргізіледі. Тағам өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігі цезий-137
жəне стронций-90-ның үлесті белсенділігінің рұқсат етілетін деңгейі
бойынша анықталады.
Радиациялық қауіпсіздік критерилері бойынша тағам өнімдерінің
сəйкестігін анықтау үшін мəнін, сынамадағы цезий-137 жəне
стронций-90-ның үлесті белсенділігін өлшеу нəтижесі арқылы
есептейтін В сəйкестік көрсеткіші қолданылады:
)
/
(
N
A
B
B = (A/H)
Sr
90
+(A/H)
ɋ
s
137
Мұндағы,
А-тағам өнімдеріндегі
90
Sr жəне
137
Cs үлесті белсенділігі,
Бк/кг;
Н-сол өнімдегі
90
Sr жəне
137
Cs үлесті белсенділігінің рұқсат
етілетін деңгейі, Бк/кг.
160
Басқа радионуклидтермен ластанған
тағам өнімдерінің ра-
диациялық қауіпсіздігі – радиациялық қауіпсіздік нормалары бой-
ынша санитарлық ережелермен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: