Садəти əбəдийа кітабында былай делінген:
«Жила-ул-қулубде, Мазарға келген адам түрегеп тұрып:
«Əссаламу алəйкум йа Əhли дар-ил қаумил-муминин! Иннə иншəаллаhу ан қарибин бикум лаhиқун» деп айтады. Kейін
бисмиллəhпен бастап он бір Ихлас жəне бір Фатиха оқиды. Қабірдің
жанына келгенде мəйіттің оң (қабірдің қыбла) жəне аяқ жағынан келеді.
Сəлем береді жəне шөмеліп отырып Бақара сүресінің басын жəне соңын,
Ясин шəриф, Тəбарəкə, Тəкасүр, Ихлас жəне Фатиха сүрелерін оқып
мəйіттің рухына бағыштайды.»
Көргендеріміздей бұл жерде де ең соңында Фатиха оқылуда.
«Əййухəл уəлəд» кітабында былай делінген:
«Намаздан кейін имам жəне жамағатпен бірге қолдарыңды біраз
алға созып, кеудеге дейін көтеріп, алақандарыңды толық аспанға
қаратып ашып дұға етіңдер жəне амин деңдер. Дұға біткеннен кейін
қолдарыңмен беттеріңді сипап«Уəлhамду лиллаһи раббил алəмин»
деңдер жəне салауат пен Фатиха-и шəриф оқыңдар.»
Бұл жерде де намаз соңында Фатиха оқылатыны ашық түрде
білдірілуде.
Сұрақ: Намаздан кейін оқылатын дұғалардан бірнешеуін жазасыз
ба?
Жауап: Намаздан кейін оқылатын дұғалар көп. Біреуін білдірейік.
Сүйікті пайғамбарымыз былай деген:
«Йа Муаз, уаллаһи (ант етемін) сені жақсы көремін, əр намаздан кейін мына дұғаны қалдырмай оқы: «Аллаһумма əинни алə зикрикə уə шукрикə уə хусни ибадəтикə.» (Нəсаи)
Мағынасы: «Йа Раббым, Сені зікір етуді, Саған шүкір етіп жақсы
ғибадат етуді маған нəсіп ете гөр.»
Табаранида білдірілген, «Күніне 25 рет ер жəне əйел мүминдерге дұға еткен адам, өзі үшін дүниеге ризық ихсан етілгендерден жəне дұғасы қабыл болғандардан болады» хадис шəрифіндегі сүйіншіге
қауыша алу үшін төменде білдірілген дұғаны оқу керек:
«Күніне 25 рет, "Аллаһуммағфирли уə ли уəлидəийа уə ли устазийа уə лил му’минина уəл му’минат уəл муслимина уəл