Ислам діні сайты


«субханаллаhи уə бихамдиhи субханаллаhилазыйм»



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#102915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Снимок экрана 2023—06—09 в 15.43.48

«субханаллаhи уə бихамдиhи субханаллаhилазыйм» деп айтылады.
Соңында Субхана Раббикə аяты оқылады.
Сұрақ: Қажылықта кейбір адамдардың намаздан тəсбих тартпай,
дұға етпей тұрып кеткендерін көрдік. Олар «Намаздан кейін топ болып
тəсбих тарту, имамның дұғасына амин деу – бидғат», деп айтады.
Осылар бидғат па?
Жауап: Жамағаттың имаммен бірге, дауыс шығармай дұға етулері
абзал. Əрқайсысының жеке-жеке дұға етулері жəне дұға етпей тұрып
кетулері де жаиз. Бірақ мұны əдетке айналдырмау керек. Əрі имамның
дұғасына амин деуіміз керек, əрі өзіміз де дұға етуіміз керек. Тек
муəззиннің (команда ретінде) аяттардың тəсбихтердің бас жақтарын
оқып өтуі ғана бидғат болып табылады. Тəсбих тарту, дұға ету бидғат
емес.
Мешіттерде имам намаздың соңында аятүл күрсидің бір қатарын
дауыстап қалғанын іштен оқиды. Тəсбихтердің де біріншісін дауыстап
оқып қалғанын ақырын дауыспен (іштей) оқиды. Бұлай істеу керек деп
ешбір кітаптарда жазылмаған. Негізінде намаздардың соңында
оқылатын сүре, тəсбиһ, дұғалардың барлығын əр адам жеке өзі іштен
оқуы керек. Кейінгі замандарда бұл ұмытыла бастағаны үшін мешіт
имамдары халыққа не оқып жатқанын білдіру үшін, еске салу үшін
(команда ретінде) аяттардың тəсбихтердің бас жақтарын оқып өтеді.
Мəселен Аятүл күрсиді оқығанда бірінші қатарын дауыстап қалғанын
іштен оқиды. 33 тəсбих, 33 хамд, 33 тəкбірлердің де əр қайсысының
біріншісін дауыстап қалғанын іштен оқиды. Бірақ барлық жамағат
намазынан кейінгі дұғаларды, тəсбихтерді білетін болса онда ешкімнің
дауыстап оқуы дұрыс болмайды. Əр кім өзі рет ретімен дұғаларын,
тəсбихтерін оқуы керек.
Дін кітаптарында былай делінген:
Парыз намаздарды немесе соңғы сүннеттерді оқып болғаннан кейін
имаммның оңға, солға немесе жамағатқа қарап бұрылуы мүстаhаб
болып табылады. Жұмыстары барлардың тұрып кетуі де жаиз. Хадис
шəрифте: «Əр намаздан кейін 3 рет "əстағфируллаhəл-азыйм əллəзи


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет