“Ғылым” баспасы Нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата22.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#103026
түріБиография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Ш.Айтматов-Балалық-шақ

ШЫН ЫСМАЙЫЛ
Шын Ысмайыл деп отырған кісі бұдан біраз жыл 
бұрын қайтыс болған. Еркіндікті сондай сүйетін, жүйрік 
ат десе жанын қиюға дайын тұратын бір қызық жан еді. 
Ішіп-жеп, ырлап-жырлап, кең дүниені шарлап жүргенді 
ұнататын. Өзі де бір, жүрегінің түгі бар, ханға да, қараға 
да басын имей, кез келген жерде айтысып-тартысып, тіпті 
жұдырықтаса кетуден де тайынбайтын өр кеуде-тұғын.
Содан ба екен, біздің айылдағы соғыстан қашқан 
алғашқы дезертир де сол болды. Оның неге бүйткенін 
анық білмеймін, бірақ, қасындағы бір серігі екеуі 
майданға бармай, қашып-пысқаны шындық болатын. 
Оның тау-тасты паналап, жасырынып жүргені туралы 
әңгімелерді бала кезімізде көп естідік. Ел оған ыза боп, 
еркек кіндіктінің бәрі соғысқа кеткенде бұл Ысмайыл 
жанын сақтап қашып жүр деп ашынып отыратын.
Рас, кейін одан басқа да қашқындар шықты. Олардың 
бір-екеуін мен Грозный айылына шошқа алып бара 
жатып, Кіші асудағы диірменшінің үйінде көргенмін. 
Бірнеше әңгімелерімнен кейін жазған алғашқы 
повесім «Бетпе-бет» деп аталды. Оны Мәскеудегі Максим 
Горький атындағы әдебиет институтында оқып жүргенде 
жазғанмын. Жалпы, менің шығармашылығымды кең 
дүниеге танытқан «Жәмила» да сол бір студенттік шақта 
қағазға түсіп еді.
Қырғыз әдебиетшісі, сыншы К.Асаналиевті мен өте 
жоғары бағалаймын. «Кассандра таңбасы» атты кейінгі 
жазылған шығармам туралы ол кезінде тәуір сын жазды. 
Екеуміз жиі-жиі кездесіп, шығармашылық жайында 
кеңінен әңгіме-дүкен құрып тұратын жақын достармыз. 
Кеңесбекпен болған осындай кездесулер маған үлкен 


116
Шыңғыс Айтматов
шығармашылық қуат, нәр беріп, оның жемісін де көріп 
жататынмын.
Жаңағы «Бетпе-бет» повесі жазылған кезде Кеңесбек 
Асаналиев те Мәскеуде тұратын-ды. Әлі сиясы кеуіп 
үлгермеген жаңа шығармамды біреуге оқып, пікірін 
білгім келген. Бірақ ол қырғызша жазылғандықтан, 
мәскеуліктерге қалай оқып бермекпін?
Кеңесбекке телефон шалып, осы бір істің жайын
айттым. «Мәскеу» мейманханасының алдында жолығуға 
келістік. Екеуміз айтылған уақытта ұшырасып, 
тынышырақ жер іздеп, ішке кірдік. Сөйтіп, әлгі 
мейманханадан бір оңаша, у-шудан алыстау орын тауып 
алып, біріміз орындыққа, ал екіншіміз диванға құйрық 
бастық. Көп сөзге уақыт шығындамай-ақ, мен бірден 
шығармама кірістім.
Екі сағаттай үзбей оқыдым. Кеңесбек мені бір рет 
те тоқтатпай, ондағы оқиғаны көз алмай бақылап 
отырғандай ұйып тыңдады. Оқып біткен кезімде бірден 
повестің мықты жазылғанын айтып, біраз мақтау сөздерін 
жаудырды. Содан соң, күтпеген жерден: 
– Осы Ысмайыл әлі бар ма? – деп сұрағаны.
– Иә, ол әлі тірі. Дезертир ретінде ұсталып, қамауда 
болып келді. Түрмеде он жылдай жатты. Шамасы, қырық 
төртінші, не қырық бесінші жылы кесілді ғой деймін, 
әйтеуір, елуінші жылдардың ортасында босап қайтты. Ең 
қызығы, ол кісі сонысына бір намыстанып, иә болмаса, 
қайғырып көрмепті. Керісінше: «Менің жаным аман 
қалды. Не десеңдер, о деңдер. Иә, майданнан қаштым, 
он жыл түрмеде жатып шықтым. Бірақ сау-саламат, тірі 
жүрмін. Басқалардай кеудемді оққа тосқан жоқпын,» 
дейді екен.


117
Балалық шақ
«Бетпе-бетті» жазғанда менің әдеби тәжірибем әлі 
аз еді, сондықтан да болар, оның өмірдегі Ысмайыл 
деген шын атын сол қалпында алдым. Мен үшін ол кісі 
бір жанды, тірі бейне еді, сол үшін есімін өзгертпей, 
қаһарманымды да осылай атасам қайтеді деп шешкенмін. 
Бұл шығарма таулы аймақта, әсіресе Шекерде бір ерекше 
оқиға болыпты. Ол кезде Ысмайыл әлі Сібірде қамауда 
жатқан. Айылда оның балалары және ағайын-туыстары 
да көп еді. Олар қашқын Ысмайылдың үстінен қозғалған 
істен қорқып, әр нәрседен бір шошып, үрейленіп жүретін-
ді.
О-о, кейін Фрунзедегі қырғыз драма театры сол «Бетпе-
беттің» бір бөлімін сахналады емес пе. Ойын көруге 
келген жұрт бұны ерекше қызығушылықпен қабылдап 
жатты. Содан соң осы спектакльді алып, қырғыз драма 
театры біздің елдің әр тарабына гастрольге шықпай ма. 
Сөйтіп, олар күндердің бір күнінде Шекерге де келеді. 
Айыл тұрғындары «Бетпе-беттің» болатынын алдын-
ала біліп, колхоздың клубына жиналып қалады. Сонда 
Ысмайылдың ролін ойнаған Арсен Өмірәлиев кейін 
маған мынандай бір қызық оқиғаны айтып беріп еді.
Ойын басталғанда клубтың іші лық толған. Содан 
спектакль жүріп жатқан кезде ел ішіндегі біреулер 
сахнадағы Ысмайылды таспен атқылап, сол жерде 
отырған оның туыс-туғандарын мазақтап: «А-а, мына 
Ысмайылдарыңа қараңдар! Дезертир, қашқын, елін 
сатқан опасыз!» деп, шулап қоя береді. Сөйтіп, ойынның 
дәл ортасына жеткенде қып-қызыл шатақ басталады. 
Ысмайылдың ролін жанын сала ойнаған Арсен Өмірәлиев 
үшін бұл бір өте маңызды шығармашылық сәт еді. Ол 
жаңағы шатақ шыққан жерде не істерін білмей қалады 
да, бір уақта өңеші үзілердей боп бақырып, сахнадан 


118
Шыңғыс Айтматов
залға секіріп түседі. Сөйтіп, қым-қуыт боп жанжалдасып 
жатқандардың арасына кіреді де кетеді. «Ол – менмін! – 
деп артистік зор даусымен айқайға басады. – Ысмайыл 
деген мен боламын! Осы айылдан шыққанмын! 
Тоқтатыңдар жанжалды! Ешкімнің мені айыптауға да, 
ақтауға қақысы жоқ! Бәріне соғыс кінәлі! Соғыс қана 
айыпты! Қазір мен сендерге өзім туралы айтып беремін!» 
Сөйтеді де сахнаға қайтадан атып шығады. Өкіріп, 
бақырып, өзінің Ысмайыл екенін, майданнан қашуға 
не себеп болғанын елге түсіндіріп, ауыз жаппай сөйлей 
береді, сөйлей береді, ақыры көрермендерге өзінің енді 
оңалып, адам болғанын айта келіп: «Мен – Ысмайылмын! 
Қазір түрмеде жатырмын. Еркіндікке қайта шығып, 
атамекеніме қайтып келіп, сіздерді, жақындарымды, 
туған-туысқандарымды, айылдастарымды бауырыма 
тартып, қатты қысып құшақтағым келеді. Сол күнді 
міне, сағат санап, күн санап күтіп жатырмын мұнда. 
Бостандыққа қашан шығамын деп аңсаймын. Барлық 
ісіме өкініп, күнде жылаймын,» дейді.
Колхоз клубына жиналғандар осыдан кейін көпке 
шейін басылмай, қол шапалақтап тұрып алады. Ал 
Ысмайыл жазасын өтеп, туған айылына қайтып келгенде, 
бұның бәрін бүге-шігесіне дейін қалдырмай айтып береді.
Оның Сібірден қайтып келгені туралы хабарды мен де 
естігенмін.
Соғыс жылдарында айылда хатшы, салық жинаушы 
болып істеп, кейіннен оны өзінің шығармасына басты 
қаһарман етіп алған, сөйтіп атақты жазушы болған мен 
туралы да ел осы кейіпкерімнің прототипіне айтып 
береді. Ал ол болса құрдастарына: «Жазушыға ырзамын. 
Бұрын мені Шекердегілерден басқа ешкім білмеуші еді. 
Жерлес інімнің жазушылығының арқасында мен туралы 


119
Балалық шақ
жазған шығармасы әр түрлі елдердің тіліне аударылып, 
бүкіл дүниеге танылдым,» деген көрінеді.
Ол кейін маған бір хат та жолдады. Онысында: 
«Қашқын боп жүрген мен туралы шығарма жазыпсың. 
Екі ұлым қазір кеңес әскерінің қатарында өз қызметтерін 
өтеп жүр. Біреуі – әскери-теңіз флотында, ал екіншісі, 
ол да соның төңірегінде болса керек. Екеуі де – сарбаз. 
Түсіндің бе? Енді бәрі өз жөніне келді,» деп екі ұлының 
суретін конвертке қосып салып жіберіпті.
Міне, ақиқатында мен көріп-білген шын Ысмайыл 
осындай кісі еді. 
Повесті оқығандар дезертирдің әйелі Сейденің 
алғашқыда күйеуіне жәрдем беріп, қолындағы бар 
тапқан-таянғанын тасып, кейін ол көрші әйелдің шиеттей 
төрт баласын шырқыратып, жалғыз сиырын ұрлап алып 
кеткенде Ысмайылды жек көріп, жасырынып жатқан 
үңгіріне қуғыншыларды өзі ертіп апарып, бетпе-бет 
келіп тұратынын жақсы біледі. Міне, енді оқырман 
қауым бұл сюжетті өзімнің сонау бір қиын-қыстау шақта 
өткен балалық шағымда басымнан кешкен оқиғалардан 
алғанымды, Сейде мен Ысмайылдың бейнесі арқылы 
баян еткенімді түсінетін болар деймін.


120
Шыңғыс Айтматов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет