58
3.5. Көпмəдениетті ортадағы педагогикалық қарым-қатынас
Мəдениеттер арасындағы қарым-қатынас деген ұғымға тоқталар
болсақ, ғылыми əдебиеттерде
көрсетілгендей, ол əртүрлі тілде сөйлейтін
жəне əртүрлі мəдениет иелері арасындағы
қатынастар жиынтығы болып
табылады. Яғни мəдениетаралық қарым-қатынас дегеніміз - ол əртүрлі
мəдениет өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауы.
Австриялық ғалым Х.Ю.Крумның мəдениетаралық қарым-қатынас
жайлы еңбектеріне сүйенер болсақ, ол факторлар төмендегідей: жеке бастың
қарым-қатынас біліктілігі, сұхбаттасқан адамның жан дүниесін тануға деген
құлшыныс, сол халықтың мəдени құндылықтары жайлы білім .
Мəдениетаралық қарым-қатынас
құзіреттілігін қалыптастырудың,
дамытудың алғы шарттары:
а) жат мəдениетті түсініп, өз мəдениетін саналы түрде меңгеру, яғни
рецептивтік іскерліктер: басқа мəдениет өкілдерінің вербальды жəне
вербальды емес əрекеттерін түсіне білу;
б) басқа мəдени орталарда дұрыс əрекеттену іскерлігін дамыту,яғни
продуктивті іскерліктер: сөз туындылары мен вербалды емес əрекеттерді
дұрыс жəне белсенді түрде туындата білу;
в)
жаңа заманның талаптарына орай, бəсекеге қабілетті,
мəдениетаралық қарым-қатынас
құзіреттілігі қалыптасқан, кəсіби маман
даярлау бүгінгі білім беру жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: