З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


Оқушылардың ата-аналармен қарым-қатынасындағы



Pdf көрінісі
бет34/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

3.4. Оқушылардың ата-аналармен қарым-қатынасындағы 
педагогтың этикасы 
Отбасының алтын діңгегі, берік тұтқасы əке мен шеше десек, солардан 
өрбіген бала-шаға, үрім-бұтақ жайқалып өскен мəуелі ағаштың бұтағы 
сияқты тал бесік, ұшқан ұяңды көркейтіп, ерекше сəн беріп тұрары сөзсіз. 
Атақты ойшыл ағартушымыз Абай Құнанбаев «Адамға үш алуан 
адамнан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан, əсіресе, солардың 
қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» деген. Жүсіп Баласағұнның: 
«Болса тəртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» 
дегені адамгершілігі мол, əдепті, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп тəрбиеле 
деп айтқанын түсінуге болады. Қазақтың тұңғыш ағартушысы 
Ы.Алтынсаринның шығармаларында көтерілген өзекті мəселе - жастарды 
түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман істерден жирендіру. 
Ата-ана жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, ізеттілігі, 
еңбексүйгіштігі - жанұядағы адамгершілік негізі. Баланың ілтипатты, əдепті, 
кішіпейілді, көпшіл болуы ең əуелі ата-анасының үлгісіне, өнегесіне, 
бойындағы адамгершілік қасиеттері оның айналасының игі əсеріне 
байланысты. 
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-
жақты дамыған адамгершілігі бар тұлға тəрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мəн 
берген. Бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау 
кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мəтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер 
т.с.с. Бұл тұста педагогтар тəрбиенің басты ұстанымдарын - жалпы 
адамзаттық құндылықтар арқылы тұлғаны қалыптастыру, өз халқының 
мəдениетін, əдебиетін, тілін, салт-дəстүріне, тарихын, өнерін сүю арқылы 
басқа халықтардың да тілі мен мəдениетіне салт дəстүрін құрметпен 
қарайтын мəдениетті адам қалыптастыруы тиіс. 
Педагог ата-ана, оқушымен байланыстырушы ғана емес, қарым-
қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.
Педагог, оқушылар жəне олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар 
ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады (3.6-кесте).


55
3.6-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет