З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет62/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар
1. Тұлға адамгершілік дамуында қандай кезеңдерден өтеді? Сипаттама
беріңіз.
2. Адамгершілік тəрбиенің міндеттері қандай? Сол міндеттердің
шешілуіне қандай тəрбие əдістерін ұсынар едіңіз?
3. «Ішкі бақылау», «адамгершілік, тəрбиелілік» түсініктерінің
мазмұнын ашыңыз. 
1-тапсырма. Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең əуелі білім емес,
тəрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол 
келешекте оның барлық өміріне апат əкеледі» деген пікіріне түсініктеме 
беріңіз, өзіңіздің позицияңызды айтыңыз.
2-тапсырма.Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев, 
А.Байтұрсыновтың 
адамгершілік принциптері мен ережелерін салыстырыңыз. Өзіңіздің 10 
адамгершілік ережеңізді ұсыныңыз. 
3-тапсырма. Өзіңді танып біл! Ертегіден үзінді: «Баяғыда бір батыр
өзіне өмірлік жар таңдау үшін жолға шығыпты. Бір кезде батыр үш жолдың 
торабына келіп жетіпті. Жолдардың тоғысқан жерінде тасқа мынадай сөздер 
жазылыпты: «Солға жүрсең – атыңды жоғалтасың! Оңға жүрсең – өзіңді 
жоғалтасың! Тура жүрсең ештеңеде таппайсың!»
Сұрақ: - Сіз батырдың орнында болсаңыз, қай жолды таңдар едіңіз? 
Жауапты дəптеріңе жазып ал.
Ендігі кезекте келесі мəліметпен танысыңыз: «Сол жақтағы атын 
жоғалтатын жолды таңдағандар – прагматиктер, өз мақсаттарына аз шығын 
жұмсап жеткенді қалайды, əр қадамын ойланып басатын сақ адамдар, алайда 
жанкештілікке жəне құрбандыққа жол бере алмайды. Оң жаққа бұрылып, 
өзін жоғалтудан қорықпағандар – жаңалықты, жаңғыруды көксегендер, олар 
белгісіздіктен тайсалмайтын нағыз батырлар. Ал тура жүргендер – өмірде 
нақты ұстанымдары мен позициялары бар адамдар, олар өз мақсаттарына 
тура жолмен жетуді қалайды».
6.2. Іс-əрекет - адамгершілік мінез-құлықтың бастапқы кезеңі
Іс-әрекет - əлемді жəне өзін-өзі саналы түрде өзгертетін процесте 
адамның немесе топтың əлеммен жасайтын өзара əрекеті.
Іс-əрекет - адамның дүниемен қарым-қатынас тəсілі. Іс-əрекет 
барысында адам табиғатты, айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда 
өзгертеді, оны бірте-бірте өзінің материалдық жəне рухани мəдениетінің 
құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін 


99
қажетті жағдай жəне алғышарт болып табылады.
Адамгершілік іс-əрекетке моральдық нормалар мен ережелерді білу
сонымен қатар бұл нормаларды ұстану, адамгершілік талаптарға сай іс-
əрекеттерді алдын-ала ойлану, болжау жатады. Өз іс-əрекетін талқылау –
адамның адамгершілік даму деңгейін сипаттайды жəне жүзеге асыратын іс-
əрекеттердің реттеушісі болып табылады. 
Тұлғаның адамгершілік мінез-құлқы іс-əрекеттен бастау алады. Іс-
əрекетке Л.А.Попов келесі анықтама берген: «Іс-əрекет – адамгершілік 
маңыздылығы бар жағымды əрекет. Жағымсыз əрекет (заңсыз əрекеттер) 
азғындық мінез-құлық бірлігі болып табылады. Дегенмен, əрекет етпеу де іс-
əрекет болуы мүмкін (сəйкесінше, заңсыз əрекет те)».
Адамгершілік тəрбиенің жəне өмірлік тəжірибенің өскелен ұрпаққа 
əсері туралы мəселелер өткен ғасырлар педагогтарын толғандырған (6.2-
кесте):
6.2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет