З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет70/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

Дұрыс іс-əрекет - ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, 
ұрлық-қарлықтан қашық болу.
Кодекс - заңның белгілі бір салаларына жататын нормаларды жаңа 
талаптар мен жағдайларға сəйкес, ішкі мазмұны жағынан күшейтіп, өзгертіп, 
толықтырып бір жүйеге салу арқылы жасалғанзаң актісі.
Көпмəдениеттi тұлға - деп өз мəдениетi арқылы өзге мəдениеттерге 
бағыт ұстаған адам ұғынылады. Төл мəдениеттi терең бiлуде ол өзге 
мəдениеттерге қызығушылықтың iргетасын қаласа, көп мəдениетпен танысу -
рухани баю мен дамудың негiзi болады.
Кроссмəдениеттік құзіреттілік - əртүрлі этностар мен ұлттардың 
рухани өмірін бір-бірімен салыстыру арқылы адамдардың психологиялық 
жəне əлеуметтік мəдени ерекшіліктерін зерттейтін этнопсихологияның бір 
бағыты. Мұның көрнекті өкілдерінің бірі, америка этнографы Мид Маргарет 


111
(1901-1978). Ол көптеген этнологиялық материалдарды талдай, табиғи жəне 
əлеуеттік факторлардың ара қатынасын салыстыра келіп, түрлі этностардың 
тұлғалық ерекшіліктерінің қалыптасу жолын, əсіресе баланың əлеуметтенуін 
зерттеу арқылы ұлттық мінез ерекшіліктерін көрсетті.
Қарым-қатынас - екі немесе одан да көп адамдар арасында байланыс 
орнататын бірлескен іс-əрекет. Адамдардың бір-бірімен танымдық немесе 
эмоционалды ақпарат, тəжірибе, білімдер, дағдылар жəне т.б. алмасуы.
Қиянат жасамау - басқаларға зиян келтірмей өмір сүру, сүйіспеншілік 
пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу, қоршаған орта мен өзгелерге 
қамқорлық, бауырмалдық, өзгелердің мəдениеті мен түрлі діни дəстүрлеріне 
деген құрмет.
Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті 
менлебізінбілдіру көрінісі. 
Мораль - белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында 
қалыптасқан адамгершілік мінез-құлық нормалары мен ұстанымдарының 
жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет