"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата26.06.2023
өлшемі0,81 Mb.
#103440
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
metodologiya-sko kaz

Әдістеме 
Негізгі идеялар 
Бағалау үдерісіне әсері 
Құзыреттілік 
тәсілдеме 
Құзыреттілік тәсілдеме тұлғаның іс-
әрекеттерге дайындығының қажеттілігін 
және өмірлік-қажетті құзыреттіліктерді 
алу арқылы социумда қызмет етуін 
анықтайды. Құзыреттілік тәсілдемесі 
нәтижелерін ұсынатын деңгейлердің
бірі функционалдық сауаттылық болып 
табылады.
Оқу бағдарламасын меңгеру 
оқушының білім, білік, дағдыларында, 
қабілетінде, тәжірибесінде 
(функционалдық сауаттылық) 
көрсетілген күтілетін нәтижелер 
арқылы бағаланады. Бағалау 
бақыланатын критерийлерге, 
бейімделген өлшеуге негізделген.
Кері дизайн 
Кері дизайнде білім беру үдерісін 
жобалау: оқу бағдарламасы – бағалау 
жүйесі – оқыту мен оқу үдерісі.
Кері дизайндегі білім беру үдерісін 
жобалауға ықпал ететін оқу 
бағдарламасындағы оқу мақсаттары 
бойынша бағалау құралдарының 
(критерийлер, ойлау дағдыларының 
деңгейі, тапсырмалар, дескрипторлар 
және т.б.) үлгілерінен тұратын оқу-
әдістемелік материалдар, 
спецификациялар.
Тоқсандық бағалаудың стандартталған 
рәсімдері мұғалімдердің 
жауапкершілігін арттырады, кәсіби 
өзара әрекеттер мәдениетін дамытуға 
мүмкіндік береді.
Оқытудың 
әлеуметтік-
конструктивистік 
теориясы 
Оқушылар бағалаудың пассивті нысана 
болуды қояды, аталған үдерісті 
«жасаушы» болады.
Оқушылар «не», «қалай», «неге» 
бағаланатынын түсінеді. Бұл оқушылар 
мен мұғалімдердің жауапкершілігі 
және өзін-өзі реттеу, өзара әрекет ету
кері байланыс беру сапасын 
арттырады. Бағалаудың нәтижелері 
мониторинг, жан-жақты талдау 
жасауға мүмкіндік береді, сабақты 
жоспарлауда қолданылады.
Оқу мақсатының 
таксономиясы 
МЖМББС ұсынылған күтілетін 
нәтижелерге сәйкес, оқу мақсаттарының 
классификациясы алты ойлау 
дағдыларының деңгейін анықтайды 
(
білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, 
бағалау). 
Бағалау критерийлері оқу 
бағдарламасындағы оқу мақсаттарына 
сәйкестендірілген және ойлау 
дғдылары үш деңгейге бөлінген: білу 
және түсіну; қолдану; жоғары деңгей 
дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау). 
Бұл бағалау үдерісін 
дифференциялауға мүмкіндік береді. 
23 


Сөйлеу 
әрекеттерінің 
теориясы 
Тілдік пәндерді оқу өзінің спецификасы 
мен сипаттамасы бар сөйлеу 
әркеттерінің түрлері бойынша жүзеге 
асырылады. Сөйлеу әрекеттерінің 
түрлері мынадай дағдыларды қамтиды: 
ақпаратты есте сақтау (айтылым мен 
жазылым) және қабылдау (тыңдалым 
және айтылым). 
Сөйлеу әрекеттерін бағалау барлық 
сөйлеу әрекеттерінің өзара байланысы 
мен олардың сипаттамалары арқылы 
жүзеге асырылады. Бағалау 
критерийлері 4 сөйлеу әрекеттері 
түрлеріне дифференцияланған: 
тыңдалым; айтылым; оқылым; 
жазылым. 
Жақын даму 
аймағы 
Баланың қойылған міндеттерді өз 
бетінше шешу қабілеті анықталатын 
дамудың нақты деңгейлері арасындағы 
аймақты және үлкендердің немесе 
қабілетті құрдасының көмегімен күрделі 
тапсырманы шеше алу қабілеті 
анықталатын нақты даму деңгейлері 
арасындағы аймақ [Выготский, 1978]. 
Қалыптастырушы бағалаудың 
тәжірибесі мен құрылымы өзекті 
болады.
Рәсімдер мен бағалау нәтижелерінің 
анықтығы, қолжетімділігі, 
объективтілігі оқушылардың жеке 
траекториясын құрауға ықпал етеді.
Қалыптастырушы бағалаудың 
құралдары мен әдістерінің әртүрлілігі, 
толықтығы, сапасы, оларды қолдану 
дифференциациясы оқушылардың 
мақсаттылығын, жауапкершілігін 
дамытады, өз бетінше оқуға 
дағдыландырады. 
Скаффолдинг 
теориясы 
Оқушыларға қойылған мақсаттарға жету 
үшін қажетті көмек көрсету мақсатында 
оқу мен бағалау үдерісі кезінде қолдау 
көрсету [Bruner J.S., 1976]. 
Қалыптастырушы 
бағалау теориясы
Бағалау негіздері «оқушы өз оқуында 
неге талпынады?», «оқушы оқудың қай 
сатысында?» және «олардың нәтижеге 
жетуіне көмектесу үшін не істеу қажет?» 
сұрақтарынан тұрады. 
Білімді толық 
меңгеру теориясы 
Оқушылардың жетістігіндегі 
айырмашылықтарды үш фактор арқылы 
қысқартуға болады:
1.
Оқушылардың қажеттілігіне қарай
білім беру үдерісін бейімдеу мен 
бастапқы айырмашылығын 
диагностикалау; 
2.
Оқушылардың алғашқы сәтсіздіктен
көңілін қалдырмау арқылы 
ынталандыруын, қолдау; 
3.
Марапаттау және жеке тәсілдер.
Қалыптастырушы бағалау 
оқушылардың қажеттіліктерін, оқу 
үдерісін жетілдіруді анықтауға ықпал 
етеді.
Оқушылар бағасының 50% тоқсан 
барысында бөлім бойынша жиынтық 
бағалау нәтижесінде жинақтайды, 50% 

тоқсандық жиынтық жұмыстар 
нәтижелерінен жинақталады. 
Жиынтық жұмыстары балл 
салмағының түрлі болуы 
ынталандыруды қолдап , тоқсанды 
аяқтауға дейінгі қорытынды бағаны 
жетілдіру мүмкіндігін сақтайды.
Тапсырмаларды орындау барысында
әр қадамды тіркеу арқылы «жинақтау» 
әдісі оқушылардың оқуға деген 
қызығушылығына жағдай жасауға 
мүмкіндік береді, олардың дамуының 
болашағын анықтайды .
24 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет