"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы


Бағалаудағы халықаралық тәжірибе



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата26.06.2023
өлшемі0,81 Mb.
#103440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
metodologiya-sko kaz

1.
Бағалаудағы халықаралық тәжірибе
Білім беру саласы сапалық және сандық көрсеткіштер жиынтығымен 
сипатталады, бұл оның ағымдағы жағдайын түрлі аспектілерден бағалауға 
мүмкіндік береді (бағдарламалардың тиімділік деңгейлері, қолданылған 
адами, ақпараттық, қаржылық және т.б. ресурстардың деңгейі). Бұл ретте 
орта білім берудегі бағалау жүйесіндегі маңызды көрсеткіштердің бірі 
оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі болып табылады. Аталған деңгей 
мектептегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететіні, дамитыны, білім 
алушыларға және олардың нәтижелеріне қалай әсер ететіні туралы 
ақпараттарды ұсынады. Сондықтан оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру үдерісіндегі түрлі 
деңгейлерде қабылданатын шешімдерге (республика, облыс, қала/аудан, 
мектеп, сынып, оқушы) және одан арғы қадамдар сапасына тікелей 
байланысты.
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесі халықтың функционалдық 
сауаттылығын дамытуға әсер ететін бірден-бір жетекші фактор болып 
табылады. Бағалау оқу үдерісіне қатысты тек бақылаушы элемент қана 
болмай оқытудың маңызды бөлігі болатындай дәрежеге ауысты.
Халықаралық мектептердегі бағалау моделіне жүргізілген қысқаша 
шолу мектептегі бағалауды түсінуде және оны жүзеге асырудың 
жолдарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауға мүмкіндік берді. 
Әрине, бағалаудың дәстүрлі жүйесі халықаралық тәжірибені есепке ала 
отырып, білім беруді реконцептуализациялауды және мұқият қайта 
ойластыруды талап етеді.
Англия 
Англияда критериалды бағалау жүйесі мемлекеттік саясаттың басым 
бағыттарының бірі ретінде қарастырылып келеді. 1988 жылдан бастап 
алғашқы ұлттық білім беру бағдарламасына сәйкес, елдегі мемлекеттік 
емтихандармен қатар бірыңғай критерийлер негізінде мектепішілік 
критериалды бағалау жүйесі қызмет ете бастады. 1998 жылдан бастап 
мектепішілік критериалды бағалау жүйесінде оқу үшін бағалау фокусын әрі 
қарай дамыту бағыты анықталды (assessment for learning). Қалыптастырушы 
бағалау немесе оқу үшін бағалау оқушылар мен олардың мұғалімдерінің өз 
оқуы үдерісінде білім алушылар қай тұста екенін, әрі қарай қайда жылжуы 
қажеттілігін және мұны қалай жақсы қалыпқа келтіруге болатынын шешуде 
қолданатын қолжетімді мәліметтерді интерпретациялау, іздеу үдерісін 
болжайды [Black, Wiliam, 2009]. 



Англиядағы оқу үшін бағалау жүйесін төмендегідей сипаттамалармен 
беруге болады [Болотов, Вальдман, 2013]: 
− 
оқыту үдерісі мен оқу толық кіріктірілген және олардың ажырамас 
бөлігі болып табылады; 
− 
мұғалімдерге де, оқушыларға да оқу мақсаттарын талқылау, келісу 
ұсынылады; 
− 
оқушылардың оқу мақсаттарына жетуде қажетті көмек көрсетуге 
бағытталады; 
− 
оқушыларды өзін-өзі бағалауға және өзара бағалау үрдісіне 
қатыстырады; 
− 
оқушылардың келесі қадамдарын анықтау үшін кері байланысты 
қамтамасыз етеді; 
− 
әр оқушының жақсы жетістіктерге жетуіне болатындай сенімділігін 
шыңдайды; 
− 
мұғалімдер мен оқушыларды бағалау мәліметтерін қарастыру және 
рефлексиялау үдерісіне қатыстырады.
Зерттеушілер мен практиктердің пікірінше, мектепішілік критериалды 
бағалау жүйесі мұғалімге оқушының қажеттілігі туралы толық ақпарат 
алуына мүмкіндік береді, алынған нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығын 
арттырады, бұл барынша кең ауқымды дәлелдерді ұсынады [Mansell, James, 
Assessment Reform Group, 2009].
Мектепішілік критериалды бағалау жүйесімен қатар оқушылардың 
нәтижелерін қорытынды бағалау жүйесі де жұмыс істейді. Қорытынды 
бағалау 1 негізгі кезеңді (7 жастағы балалар), 2 негізгі кезеңді (11 жастағы 
балалар), 3 негізгі кезеңді (14 жастағы балалар) аяқтағаннан кейін, «GCSE» 
(16 жастағы балалар) және «A level» (18 жастағы балалар) ұлттық 
емтихандарды ретінде өткізіледі.Соңғы екеуі мектептегі білім беруді аяқтау 
кезеңдері болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет