91
Көктемгі жаңбыр ойыны (дидактикалық)
Ойынның мақсаты: Балалардың сабақта алған білім-
дерін бекіту.
Ойынның мазмұны. 10-12
баланы ойынға қатыстыруға
болады 4-5 баланы жаңбыр тамшылары деп белгілейді. Қалған
балалар шашырап әр жерде ойнап тұрады (бір-біріне жақыны-
рақ). Ойын жүргізуші аспанды бұлт торлап,
жаңбыр себелеп
жауа бастады дейді, сол кезде Жаңбыр тамшылары болған бала-
лар ойнап жүрген балаларға жақындай түседі. Ойын жүргізу-
шісі: «Жаңбыр сіркіреп жауады» дегенде балалар қашып тасаға
тығылады (оны сызықтармен төртбұрыш жасап соның ішінде
кіргізуге болады) «Жаңбыр тамшылары» балаларды қуып ша-
масы келгенше ұстап алуы керек. Ойын жүргізушісі ойын ба-
сында «Жаңбыр жауғанда кимімізді су қылмай тез тасаға тығы-
лу керек. Үлгермеген
ұсталып қалған бала ойыннан шығады» деп
ескертеді.
Ойынның ережесі:
1. “Жаңбыр тамшылары” болған балалар тек ойын жүр-
гізушінің бұйрығынан кейін ғана қалған балаларды қуу керек.
2. “Жаңбыр себелеп жауа бастады”
деген кезде қатты
жүгіріп бірден, қууға болмайды, ақырын балаларға жақындау-
лары керек.
3. Балалар жаңбырдан қашып,
тығылатын таса жерді
төртбұрыш немесе үшбұрыш, шеңбер жасап, сызып белгілеп
қоюу керек, ол жерге кіріп үлгерген баланы ұстауға болмайды.
4. “Жаңбыр тамшыларының” орнын ауыстырып отыру-
ға болмайды (2-3 рет қайталанған кезде).
5. Ойын шартын бұзған бала ойыннан шығады.
Педагогикалық маңызы. Балаларды ептілікке, шапшаң-
дыққа
, зейінін тез шоғырландыра
білуге, жылдамдыққа үйретеді.
Әдістемелік нұсқау: Ойынды спорт залда немесе далада
өткізуге болады. Ойын қызықты болу үшін «Жаңбыр тамшы-
ларын» ерекше белгілермен (эмблема, тамшының суреті бар бас
киім) көрсетуге болады.