Капитализм құндылықтар жүйесі болып табылады, ақша адамдарды бір
қауымдастыққа біріктіреді. Мәдени кодтар ақша және тауар секілді капитал
айналымына енгізілген. Сондықтан мәдени нысандар капиталды ұдайы
өндірудің күнделікті процесінде орныққан.
Жалпы, көріп отырғанымыздай, тарихи-әлеуметтану әлемінің жүйелік
пайымдаулары мәдени ерекшеліктерді назардан тыс қалдыра отырып, ең
бастысы экономика саласының рөлін жиі қарастыра отырып, осы саланы
зерттеуге шоғырланады. Кейбір жағдайларда экономикалық тұрғыдан
анықталмаған факторлар ескерілмейді. Сондықтан жүйелік сараптау әлемі,
жаһандық өзгерістерді ұғынудың өркениеттік тәсілдеріне қарама-қайшы
емес, керісінше оларды толықтырады. Әлеуметтанудағы ең өзекті
тақырыптардың бірі - “құрылым-қызметкер” пікірталасында бұл тәсіл, тәуелсіз
және оны барлық деңгейде – жеке адамнан бастап халықаралық ұйымдарға
дейін қамтитын тарихи жүйенің жеке даму қисыны бар деп шешеді.
Сонымен, әлем-жүйе орталығы дамыған елдер болып табылады, бұл
Валлерстайнның антропологтар сынайтын осал жерін көрсетеді. Бұл жерде
әңгіме Валлерстайнның жаһандану процесіндегі периферияны елемеуі
туралы болып отыр. Валлерстайнның жаһандану процесі бүкіл әлемді
қамтитындығы туралы; периферия елдері әлем-жүйе өзегінің елдеріне қарсы
тұра алмайтындығы туралы; біртіндеп әр түрлі елдер арасындағы мәдени
айырмашылықтар жойылатындығы туралы тұжырымдары сын үшін тағы да бір
объект болып шығады. Сонымен бірге әлем-жүйе тәсілінің перспективасы, үлкен
жүйеге кіретін қауымдастықтар қалайша үлкен жүйелерден қорғанып, қызмет
ететіндігін зерттеу болып табылады.
Жалпы алғанда, Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы мен Гидденс пен
Робертсонның жаһандану теориялары арасында белгілі бір айырмашылықтар
бар екендігін атап өту қажет. Көріп отырғанымыздай, мысалы, Валлерстайн
жаһандануды негізінен экономикалық феномен деп түсінсе, Гидденс пен
Робертсон жаһандануды тек экономикалық процестермен ғана ұқсастырып
қоймай, өз сараптамаларында оны оқшаулау, мәдениет және ұқсастық
процестерімен байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: