Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет22/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

Өзгерістер 
кешендері: 
динамикалық 
тұжырымдамалардың 
күрделіленуі
Әлеуметтік өзгерістер тұжырымдамалары әлеуметтік динамиканың өте 
ұсақ «атомдарын» – жүйенің ахуалындағы, немесе оның кез-келген 
компонентіндегі жекелеген өзгерістерді қамтиды. Бірақ бұндай өзгерістер 
оқшауланған түрінде ілуде бір болады, әдетте олар басқалармен байланысты, 
сондықтан әлеуметтану неғұрлым күрделі, кешенді тұжырымдамаларын 
талдап әзірлеуі, олардың көмегімен сондай байланыстардың тұрпатты 
пошымдарын талдауға болады.
Олардың ең маңыздысы өзара ықпал ететін өзгерістердің салдарларын 
суреттейтін «әлеуметтік процесс» идеясы болып табылады. Әлеуметтік 
процестің классикалық анықтамасын Питирим Сорокин (1889-1968) берді: 
«Процесс деп қозғалыстың, модификацияның, өзгерістің, алмасып келудің 
немесе «эволюцияның» кез-келген түрі, қысқасы, зерттеліп жатқан аталмыш 
объектінің кеңістіктегі орнының өзгеруі болсын, не оның сандық тұрғыдағы 
немесе сапалық тұрғыдағы сипаттамаларындағы модификация болсын, 
бәрібір, белгілі бір уақыт ішіндегі кез-келген өзгерісі, түсініледі». Бұл 
тұжырымдама жүйенің өзіне қатысты (оның шеңберінде болып жататын 
және оны бүтін ретінде өзгертетін) өзгерістерді неғұрлым дәл анықтауға 
көмектеседі. Олар не бір-бірімен кездейсоқ байланысқан (бері салғанда 
біреу: екіншісінің жай ғана ілесе жүретін немесе оның алдында келетін 
фактор емес, ең болмағанда ішінара каузалдық шарты
болып табылады деген 
мағынада), не белгілі бір уақыт ішінде бірінен соң бірі келеді. 
Макродеңгейден 
және 
микродеңгейге 
қарай 
жүретін 
процестер 
индустрияландыруды, кенттендіруді, жаһандануды, дінді мемлекеттен 


бөлуді, 
демократияландыруды, 
соғысты 
ұлғайтуды, 
әлеуметтік 
қозғалыстардың жұмылдырылуын ерікті ассоциациялардың ғайып болуын, 
жойылуын, фирмалардың тарауын, достар топтарының бөлектеліп шығуын, 
отбасындағы дағдарысты қамтиды. Бұл арада тағы да микро және 
макропроцестердің байланысы туралы принципті маңызды теориялық сұрақ 
көлденеңдейді. 
Әлеуметтік процестердің ішінен әлеуметтанушылар олардың өзіндік 
ерекше екі пошымынбөліп алды да, олар көптеген он жылдықтар бойы 
солардың басты өздерінің назарында болған айрықша екі түрін бөліп 
көрсетеді. Біріншіден, бұл жүйеге әз бастан берілген әлуетті ашып көрсететін 
пошым - «әлеуметтік даму». Аталмыш жағдайда әңгіме бағытталған процесс 
туралы болып отыр, онда жүйенің бірде-бір ахуалы ешқандай алдыңғы 
сатыда қайталанбайды, ал кейініректегі сатыда қандай да бір өрісте 
неғұрлым жоғары деңгейге көтеріледі (мысалы, құрылымның яки 
экономикалық көрсеткіштердің жіктелуі, технологиялардың ілгерілеуі яки 
халық санының өсуі байқалады). Мұның үстіне, жүйе дәйекті әлдене баршаға 
ортақ ахуалға жақындай түседі (мысалы, қоғам әлеуметтік теңдік, гүлдену 
немесе демократиялық өкілдік ахуалына жақындай түседі), және мұны 
жүйенің өзінің имманенттік (эндогендік, автодинамикалық) қасиеттері 
ынталандырады (ішкі қайшылықтар әлеуметтік өмірдің сапалық жағынан 
жаңа пошымдарының пайда болуының арқасында шешіледі; адамдарға тән 
жасампаздық бастау ауқымды ұйымдастырушылық инновацияларға 
бағытталады және т.б.). Даму теориясы, суреттеліп отырған процестердің 
болмай қоймайтынын, қажеттігін және бет қаратпайтынын топшылай 
отырып, өзгерістерге фаталистік және механикалық көзқарасқа оңай көшеді, 
оған сәйкес өзгерістер адами қарекеттерге тәуелді емес, адамдардың 
қатысуынсыз жасалады және күн ілгері белгіленген финалға жетелейді. 
Бұдан әрі біз даму идеясы басты идеяға айналған және «девелопментализм» 
немесе даму теориялары деген атаумен біріктіріле алатын теорияларды 
қарастырамыз. Бұған эволюционизм (Конттан Парсонсқа дейін) мен тарихи 
материализмнің (Маркстен Альтшуллерге дейін) барлық түрлері кіреді.
Әлеуметтанушылар ерекше көңіл бөлетін әлеуметтік процестің басқа 
бір пошымы бұл – «әлеуметтік цикл». Ол кездейсоқ болмағанымен, онда 
белгілі бір нақты бағыт болмайды. Жүйе бір немесе басқа сатыда болатын 
кез-келген ахуал болашақтада пайда болуы мүмкін, және де аталмыш ахуал, 
өз кезегінде, бір кездерде де болып өткен ахуал. Бұл қайталау жүйенің өзінде 
негізі жатыр және өзінің табиғатын осындай өзіндік ерекше тербеліс 
ырғағында ашады. Қысқа уақыттық интервалда аралығында өзгерістер 
болады, бірақ, ұзақ уақыт барысында –болмайды, өйткені жүйе бастапқы 
ахуалына қайтып оралып отырады. Бізде әлі адамзат тарихын әлеуметтік 
циклдар терминдерінде түсіндіретін өзгерістер циклдық теорияларын 
(Шпенглерден Сорокинге дейін) таныстыруға мүмкіндік болады. 
Адамзат ақыл-ойының бүкіл тарихындағы (тек әлеуметтану тарихында 
ғана емес), бәлкім, ең даулы, бірақ сонымен бір мезгілде, ең ықпалды 
идеялар санатына «әлеуметтік прогресс» идеясы жатады. Аксиологиялық, 


құндылықтық өлшемдерді әлеуметтік дамудың объективті де бейтарап 
категориясына сыналып енгізіп, ол соны қатаң ғылыми, бейтарап есептен 
нормалар мен нұсқаулар саласына алып кетеді. «Прогресс» деп біз 
бағытталған процесті айтамыз, ол процесс жүйеніне неғұрлым артық жақсы 
ахуалға (немесе, басқаша айтқанда, бақыт, бостандық, гүлдену, әділдет, 
абырой, білім және т.б. сықылды этикалық тұрғыдағы белгілі бір 
құндылықтардың іске асуына) не толып жатқан әлеуметтік утопияларда 
суреттелген, қоғамның мінсіз ахуалына барған сайын сөзсіз жақындата 
түседі. 
Прогресс идеясы бір немесе басқа автордың көзқарасына, оның 
дүниетанымына сәйкес ондай қоғам қалай көрінуге тиіс екендігін бәрінен 
жиі белгілейді. Бұндай теория өзінің ықыласын не болуы керектігімен емес, 
барымен шектейтін ғылым саласынан тыс жатқаны айдан анық. Дегенмен, 
бірқатар жағдайларда прогресс идеясы категориялық, сипаттамалық статусқа 
ие болады: ол кейбір құндылықтар адамзат тарихында іске асырылып қойған 
және жалпы алғанда қоғам сөзсіз жақсылық жағына қарай өзгереді деген 
ойды орнықтырады, (осынау жақсыны бір немесе басқа автор жақсы 
түсінетініне қарай). Бұндай, тарихи оптимизмге толы мәлімдемелер уақыт 
тезіне ұшырайды, өкінішке қарай, олар бұған сирек төтеп береді (біз бұл 
тақырыпқа 2-тарауда оралып соғып, аталмыш идеяның салтанат құруы, оның 
жақындағы теріске шығарылуы және оны құтқару мүмкіндіктері туралы 
әңгімелесеміз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет