— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет44/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

 — 104 —
жазылыңыз.
18. Бизнес жүргізіп отырғаннан кейін міндетті түрде 
геолокацияны белгілеуді ұмытпаңыз.
19. Күнделікті не жазатыныңызды жоспарлаңыз. 
Контент-жоспарды тиімді пайдаланыңыз. 
20. Танымал блогерлер мен жұлдыздар арасында 
байланыс орнатып, жарнама жасауын сұраңыз. 
21. Зерттеу нәтижесі бойынша, қызыл немесе жа-
сыл түстерден қарағанда көк түсті сурет 24%-ға 
көбірек лүпіл жинайтындығы дәлелденген. Көк 
түсті дизайнерлік пост ойлап тауып, нәтижесін 
тексеріп көрсеңіз болады.
22. Әр сәрсенбі сайын пост салуды әдетке айнал-
дырыңыз. Себебі апта ортасында жарияланған 
ақпарат көп қаралым мен лүпіл жинайды.
23. «Пікір білдіріңіз» дәл осы сөйлемді пост асты-
на жиі қолданыңыз. Оқырмандарды өз ойымен 
бөлісуін сұрасаңыз, міндетті түрде комментарии 
саны артады.
24. Фото таңдағанда, бет келбетіңіз анық көрінетінін 
таңдаңыз. 
25. Фотоға міндетті түрде оқырмандарды белгілеңіз. 
Себебі «отметка» лентасынан достарыңыздың 
парақшасынан басқа жандар да сіздің постыңы-
зды көре алады.
26. Қанық, ашық түстерді пайдаланыңыз.
27. Бизнесіңізге жеке өзіңізге ғана тән хештег ойлап 
табыңыз. Сіздің тауарыңызды пайдаланған оқы-
рман міндетті түрде сол хештегті пайдалана ала-
тындай болуы керек.
28. Live форматта түсірілген фото-видеоны жиірек 
пайдаланыңыз. Сол арқылы оқырманға бір қа-


 — 105 —
дам жақындай түсесіз. 
29. Бизнес-айла: сіздің тауарыңызды сатып алған 
тұтынушының суретін өзіңіздің парақшаңызда 
жариялаңыз. Нәтижесінде ол оқырман парақ-
шасында өз суретімен бөліседі. Сондай-ақ, бұл 
сіздің әр клиентті бағалайтыныңызды көрсетеді. 
30. Бренд болуға талпыныңыз. Бизнесіңіздің ата-
уын, логотипін қалам, блокнот, киімге пайдала-
нуға тырысыңыз. 
31. Facebook парақшасындағы достарыңызды да 
бизнес аккаунтыңызға тіркелуге шақырыңыз. 
32. Оқырмандар stories көргенді ұнатады. Күнделікті 
ойыңыз бен тауар жайлы ақпаратты бөлісіп оты-
рыңыз. Бірақ ол міндетті түрде эмоцияға толы 
болуы керек.
33. Stories-те де адамдарды белгілеуді ұмытпаңыз.
34. Оқырмандардан лүпіл басуды сұраудан ұял-
маңыз. Тәжірибе жүзінде дәл осындай посттар 
89%-ға көп лүпіл жинайды.
35. Алдын ала уақытты да, контентті де жоспар-
лаңыз. Бірнеше күнге ерте материалды дайын-
дап, оларды уақытпен реттеп жариялаңыз. 
36. Мотивацияға толы цитатамен пост салу оқыр-
манды жігерлендіреді.
37. Телефондағы байланыс нөмірлеріне тіркелген 
аккаунттарды да тауып, тіркелуге тырысыңыз. 
38. Сіздің бизнесіңізбен айналысатын бәсекеле-
стерді де назардан тыс қалдырмаңыз. Олардың 
жұмысын саралап, үнемі бақылауда ұстаңыз. 
39. Басқа парақшалармен серіктестік орнатыңыз. 
Өзіңіздің оқырмандар санымен тең парақшаны 
тауып байланыс орнатыңыз. Ортақ жеңілдік, ак-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет