— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020


Кедейлікке алып келетін ең бірінші әдет -



Pdf көрінісі
бет5/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

Кедейлікке алып келетін ең бірінші әдет - 
өзіңді аяу. 
Яғни көпшілік ортадан өзіңді бөлек ұстау, қымбат 
жерге барудан қашу, іштей ұялу, қысылу сезімдері 
сізді алға ұмтылуға жол бермейді. «Менің жағдайым 
қайдан болсын», «менде жоқ», «шамам жетпейді», 
«ол үшін ақша керек», «бай емеспін» дейтін жауыр 
болып кеткен сөздерден қашыңыз.
Кедейлер қашанда кінәлі адамды іздейді. 
Кедей адам ешқашан өзіне жауапкершілік 
алмайды. Ол өзінің сәтсіздігіне үнемі әріптестерін, 
басшылықты немесе жүйені кінәлай салып, өз 
жеңілісін мойындаудан қашады. Көптеген адам: 
«олар болмағанда мен табыстырақ болар едім» деп 
ойлайды.
Шешім қабылдай алмау. 
«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген халық 


 — 14 —
даналығын ешкім ұмыта қойған жоқ. Әйтсе де, ұзақ 
ойланып, бір шешімге келе алмау да сізге кедергі 
келтіреді. Алға қадам жасаудан қорықпайтын адам 
жеңіске жетеді. Ал кедейлік санадағы адам уақыт 
созып, өз ойына келген идеяларды жүзеге асыра 
алмайды.
Өзінің дамуына ақша салғысы келмейді. 
Көп жағдайда тегін тренингтер мен семинарларға 
қатысқанды жақсы көреді. Нәтижесінде, көп пайдасы 
жоқ жиындарға уақыт жұмсайды. Әрі қарай даму 
мұндайда көп байқала бермейді. 
Өз мәселелерінің түбірін қоршаған ортадан 
іздейді. 
Кедей отбасында дүниеге келгені, географиялық 
жағдайының дұрыс еместігі, қажетті білімді игере 
алмауы – мұның бәрі өсіп, дамығысы келетін адамға 
шектеу емес. Кедейлік санадағы адам өзін-өзі аяудың 
түрлі әдістерін ойлап табады. Ақшаның жоқтығы 
көптеген негативті жайттарға әкелетіні жасырын 
емес. Байлар секілді ойлайтын адам сәтсіздікті 
кезекті өмір сынағы ретінде қабылдап, алға басады. 
Ол бұл үшін өмірге өкпесін айта жөнелмейді. Кейде 
ішіңдегіні ақтарып салған да артық емес, алайда, 
бұдан әмияныңыздағы ақшаның көлемі де өзгермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет