О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет9/37
Дата20.07.2023
өлшемі4,58 Mb.
#104576
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
Кешірдім

Мені ренжітті...
Ұлы шындықтар әуел баста қорлау болатын.
Ф
илософтардың даналығына жүгінер болсақ, 
шығыста бір философ шәкірттеріне: «Адамдар 
қорлаудың үш түрлі тәсілін қолданады: Сені ақымақсың, 
құлсың және қабілетсізсің деп қорлайды» деп үйретеді 
екен. 
«Егер сендер де сондай жағдайға тап бола 
қалсаңдар, мына ақиқатты естеріңе алыңдар: ақымақ 
қана өзгені ақымақ санайды, құл ғана өзгеден құлды 
іздейді, дарынсыз адам өзгенің қателігі арқылы өзінің 
дым білмейтінін жасыруға тырысады».
Реніш ренжіткен адамның емес, ренжіген адамның 
жанын қатты жаралайды. Осы әңгімеден мазақ пен 
ренішті қабылдаудың философиясын түсінуге болады. 
Реніш - нақақтан- нақақ қорлап немесе ренжіткен кезде 
ортаға шығатын сезім. Адам ренжіген кезде ренжіткен 
адамға ызаланса, өзін аяй жөнеледі. 
Өкпе - есеюге кедергі келтіретін «балалық» сезім. 
Біз өкпелеген кезде орын алған жағдайға шамамыз 
жетпейтін 
инфантильді 
өзімшілдікке 
айналып 


iqup
31
кетеміз. Мына нәрсені мойындайықшы, біздің мұндай 
мәселелеріміз баланың мәселесі емес қой, оны тек 
есейген тұлға шеше алады! 
Реніш - улы сезім, өзгелерге ренжу қазіргі сәтті 
құрдымға кетіреді. Ондай жағдайда әлденені өзгертуге 
немесе өзгелерді сөз етудің орнына өкпенің пайда болу 
жолдарына тексеріс жасау - ең дұрыс шешім болмақ.
Өкпе - ішкі сезімімізге әсер ететін күш. Ол 
жанармай құйылған бөшкедегі тесіктер секілді сіздің 
ішкі қуатыңызды тауысып тастайды, сол кезде сезім 
қуатыңыз тоқырауға ұшырайды. 
Сонымен қатар реніш асқазан мен ішек жолдарының, 
жүрек қантамырларының, көздің, тыныс алу жолдары 
мен онкологиялық ауруларға себепші болады.
Өкпе мен реніш айналаны қабылдауға кері әсер 
етеді, шынысы қисайған көзілдірік секілді болып жатқан 
жайттардың жағымсыз жақтарын қосып көрсетеді. Сол 
себепті де қарсы жыныс өкілімен дұрыс қатынас құру 
қиынға соғады, ойдағы жобаларды жүзеге асыру қиын 
болады, тіпті, жай ғана өмірден ләззат алу қиын болып 
кетеді. 
Адам өкпе мен реніштің пайда болуына қарсы тұра 
алмайды, алайда олардың өміріне, мінезі мен көңіл- 
күйіне әсер етуіне жол бермеуге қауқары жетеді. 
Өмірде ренжімеген адам жоқ шығар. Ол уақытша 
бір сезім болуы мүмкін, кейде адам сол ренішті өмір 
бойы ұмыта алмай жүруі де ықтимал. Бұл санадан 


Кешірдім
32
тыс орын алатын жағдай, яғни адамға ұнамайтын 
жағдай орын алғанда көрініс табатын әсер. Осы кезде 
біздің психикамыз бірден кінәлі біреуді тықпалап 
тұрады. «Егер кінәлі адам осы кезде басқаша әрекет 
еткенде жағдай қалай болар еді?», «оны неге істеді?», 
«маған ерегесіп істеді ғой» деген ойлар барлығыңызға 
таныс болар. Мұндай ойлар сол заматта - ақ өзіңе деген 
аяныш сезімін оятады, өйткені сізді ренжітті ғой. 
«Мені ренжітті, аяңдар мені!», осылайша өкпе ұлғая 
түседі. 
Ренжіткен адам «ақылды» болса, ренжіген адамның 
алдында өзінің істеген жақсылығын тізе бастайды. 
Осы кезде рахметі жоқ айыптаулар басталып, бұрын 
жасалған жақсылықтар мен көмектер ұмыт қалады. 
Олар санаға шабуыл жасап, енді реніштің қуат алатын 
көздері көбейе түседі. Адам өзін аяғаны соншалықты, 
тіпті қарапайым дүниелерді көре алмайтын жағдайға 
жетеді. 
Ренжулі адам өзін өзгелердің зұлымдығы мен 
арсыздығынан жазықсыз жапа шеккен бақытсыз 
адам деп санайтын болады. Ренжіткен адам болса
қаһарлы әрі қорқынышты залым әрі жауыз кейпіне 
енеді. Өкпенің қуаты субұрқақ секілді атқылай отырып 
адамның күшін тауысады. 


iqup
33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет