89
Шартты жаңарту
Бұл вариант WHERE фразасын пайдаланады. Бұл жағдайда тек WHERE
фраза шарты орындалатын кесте жолдарының бағандары жаңартылады.
Сұраныc 8. Барлық ассистенттердің айлығы мен үстемесін 10 % - ға
арттыру.
UPDATE TEACHER
SET Salary = Salary * 1.1, Rise = Rise * 1.1
WHERE LOWER(Dolgnost ) = 'ассистент';
Өз бетінше сұраныс жасау 9. Заң факультетінің деканаты 232 8 корпустың
бөлмесіне көшті деп белгіленсін.
WHERE фразасындағы ішкі сұраныстар
WHERE фразасында ішкі сұраныстарды пайдалануға болады, SELECT
ұсынысында біз оны қалай жасағандай.
Бұл басқа кестелерден ақпарат негізінде жаңарту үшін жолдарды таңдауға
мүмкіндік береді.
Сұраныc 9. Мысалы, математика және информатика факультетінің
қолданбалы математика кафедрасының барлық оқытушыларының ставкасын
бір жарым есеге көбейту:
UPDATE TEACHER
SET Salary = Salary * 1.5
WHERE KOD_kafedru = (SELECT KOD_kafedru FROM KAFEDRA
WHERE LOWER(Name_kafedru) = 'қолданбалы математика');
SET фразасындағы ішкі сұраныстар
SET фразасының екі түрін қолдануға болады:
SET {баған_атауы | (бағандар_тізімі)} = (ішкісұраныс)
Сұраныc 10. Барлық ассистенттерге жоғары оқу орны бойынша ағымдағы
орташа үстеменің 70% - ына тең үстемақы белгіленсін.
UPDATE TEACHER
SET Rise = (SELECT SUM(Rise) * 0.7 / COUNT(*) FROM TEACHER)
WHERE LOWER(Dolgnost ) = 'ассистент';
Бар жолдарды жою
Команда синтаксисі келесі:
DELETE FROM кесте_атауы [[AS] синоним]
[WHERE шарты];
Кестенің барлық жолдарын жою
Кестенің барлық мазмұнын жою үшін WHERE фразасын пайдалану қажет
емес. Есіңізде болсын, сіз кестені өзі емес, тек оның барлық жолдарын алып
тастайсыз.
Сұраныc 11. Educator Мәліметтер қорында Қызметкерлер кестесін жою.
use Educator
91
6.8
Мicrosoft SQL SERVER-дегі TRANSACT-SQL тілінің көмегімен
бағдарламалау негіздері
Кесте 1. Transact SQL тіліндегі арнайы белгілер мен қарапайым операторлар
Достарыңызбен бөлісу: