70
сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби шебер, ізденімпаз, ғылыми зерттеуші болса,
онда жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік,
белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, сауаттылық, танымдық әрекетке
қызығушылығының басымдығы.
Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында
тұрған негізгі проблемалары:
1.
Баланы оқи білуге үйрету;
2.
Баланы ойлауға үйрету;
3.
Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау;
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
білім беруді дамыту бағдарламасында: «Білімді дамытудың негізгі инновацияны енгізу, білім
беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады». – деп атап көрсетілген [1].
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру
деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін
жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауыш білім беру жүйесіне тікелей қатысты да
маңызды. Бастауыш мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдаланып
отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру
және оларды қолдануға бағытталған. Бүгінгі күні білім мазмұнын жобалап оқыту арқылы оның
ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға
табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде балалардың дүниетанымын қалыптастыру
үшін жаңа технологияларды қолдану орынды талаптардың бірі болып отыр.
Мәселен,
бастауыш сынып оқушыларының жобалау технологиясын қолданудағы негізгі
мақсаты
оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу
арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни
тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі
қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу қажет. Сапалы білім беруде жобалау
технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық,
зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге, ата-ана, мұғалім және
оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру керек. Ал,
оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы
ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру, ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, сыни
тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай
отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға
болып қалыптасады. Бастауыш сынып оқушылардың ізденушіліктерін, шығармашылық
дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн
таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: