Арман Тосканбаев Нурдана Кульбаева идеядан бизнеске дейін



Pdf көрінісі
бет24/73
Дата20.08.2023
өлшемі3,41 Mb.
#105410
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73
Байланысты:
ИДЕЯДАН БИЗНЕСКЕ ДЕЙІН Тосканбаев

44
 
Сҧрағаннан кӛп беру - менің ӛмірлік қағидам
Дарқандық тек беруде емес, 
уақытында беруден тҧрады.
Лабрюйер Ж.
 
 
 
Сҧрағаннан көп беру - менің 
өмірлік қағидам
 
Бір кҥні қазақша бизнес жайлы анекдот оқыдым, 
мҥмкін естіген боларсыздар: «Екі қазақ кездеседі. Біреуі 
тракторын сатқысы келсе, екіншісі сатып алғысы келіп жҥр. 
Екеуі келіседі. Қол алысады. Біреуі трактор іздеуге, екіншісі 
ақша іздеуге аттанды». Бҧл оқиға аянышты болмаса, 
кҥлкілі кӛрінуші еді. Ӛкінішке орай, кӛптеген жандар
ҥшін бизнес немқҧрайлық пен жауапсыздық, иеленуге 
деген 
ашаршылық 
сияқты 
қарым-қатынаста 
қалыптасады. Жалғастыра берсек біразға дейін ҧзауға 
болады.
Маған кері жағын ҥйреткен жақсы ҧстаздарым болды. 
Олар маған: «Егер сенен тҧтынушы бір рет сатып алса, 
ол сенің тҧтынушың деген мағына емес, ал егер ол саған 
екінші рет, ҥшінші рет келіп, онымен қоса, достары мен 
туған-туыстарын әкелсе, міне, тек осы кезде ғана ол 
сенің тҧтынушың деп есепте» деді. Осы тәсілді мен 
барлық бизнестерім ҥшін қолданамын, тҧтынушыға жағу 
ҥшін тырысып бағамын, оларға ӛздері кҥткендерінен 
кӛптеу ҧсынамын: қарым-қатынас болсын, қызмет 
кӛрсету, қосымша сыйақы болса да.
Мен ҥнемі тҧтынушылар бізбен жҧмыс жасау кезінде 
оларға жағымды әрі ыңғайлы болу жағын, тауарларымды 
жеңіл сатып алу жолдарын қарастырамын. Менің мақсатым 
тауарды сатып, тҧтынушыны ҧмыта салу емес, не дегенмен 
ол адамнан тауарым ҥшін маған керектіні алдым: ол –


45
 
Идеядан бизнеске дейін. Біреудің колынан келсе, сеніңде колыңнан келеді!
ақша. Бірақ мен тҧтынушымен ара қатынасты әрі қарай 
жалғастырамын: гидропондық қҧрылғыны қалай іске қосу 
керектігін тҥсіндіремін, қҧрылғыларды кҥтуді жеңілдету 
мен толық мӛлшерде жҧмыс жасауы ҥшін әрқашан
бейнебаян тҥсіріп, тҧтынушыларымызға жіберемін, керек 
болған жағдайда біз «OTAN» сағат компаниясының 
сағатын тҧтынушыдан алып, қызмет кӛрсету орталығына 
тегін кӛрсетеміз.
Жоқ, мен альтруист емеспін, тек кӛптеген қазақ 
кәсіпкерлеріне қарағанда, болашағыма екі-ҥш қадам 
бҧрын қараймын. Тҧтынушының сеніміне кіру оңай шаруа 
еместігін білемін, бірақ «ғашық» тҧтынушы саған ондаған 
сырттай ғашық тҧтынушыларды алып келеді. Бизнесті 
тҧтынушы сіздің тауарыңызға немесе қызметіңізге 
ғашық болып және кӛңілі толған жағдайлар болатындай 
қалыптастыруы керек. Бҧл ҧзақ мерзімді бизнес деп 
аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет