48
Қызметкерді жҧмысқа алғанда, оның шығып кетуі мҥмкін екенін ҧмытпаңыз
Бір адамды басқару кей кезде елді
басқарудан да қиын болады.
Вовенарг Л.
Қызметкерді жҧмысқа
алғанда, оның шығып кетуі
мҥмкін екенін ҧмытпаңыз
Кӛптеген жас кәсіпкерлер ӛз істерін ашу барысында
бастапқа кезеңде жҧмыстарды ӛзім істеймін деп
жоспарлайды. Әрине, бизнес табыс алып келмейінше,
бәрін ӛзің істеуің керек, бҧл –дҧрыс шешім. Бірақ бірінші
мол табыс басталуымен адамдарды жҧмысқа алу керек.
Себебі жалғыз жҧмыс істеу шығынсыз болмайды. Егер
сіз барлық жҧмысты ӛзім атқарып пайда табамын деп
ойласаңыз – ӛте қателесесіз. Бизнесменнің, компанияның
басшысының басты мақсаты – кәсіпорынның стратегиялық
дамуын әзірлеу мен басқару. Егер техникалық және де
бухгалтерлік есепті ӛзіңіз жҥргізетін болсаңыз, бизнесіңізді
сыртынан қадағалай алмай, қалай дамыту керек екендігін
тҥсінбейтін боласыз.
Егер ақша жағынан қиындықтар болса, аутсорсингтік
компаниялардың кӛмегіне жҥгіне аласыз. Егер де жҥйедегі
сҧрақтар кӛлемі ҧлғайса, заң бойынша компания табысы
да кӛбею керек. Сол кезде бизнесті делегациялау сҧрағы
туындайды.
Бҧл жағдай ҥшін сіздерге пайдалы кеңес бере аламын.
Қызметкерді жҧмысқа алудан бҧрын, оның барлық
міндеттерін сатылап тізбектеп жазу керек. Мысалға, қазір
менің компаниямның маңызды жҧмыстарын атқаратын
басты қызметкер жҧмыстан кеткелі жатыр. Мен бҧл
49
Идеядан бизнеске дейін. Біреудің колынан келсе, сеніңде колыңнан келеді!
жағдайды алдын-ала қарастырып, кӛлемді электронды
қҧжат әзірлеп қойғанмын, ол қҧжаттың ішінде барлық
жҧмыстар барысының қадамдары, реті, ненің қай кезде
атқарылатынын сатылап жазып, принтскриндер қостым.
Бҧл ғажап қҧжатта барлығы бар: онлайн-банкингке қалай
кіру керек, жеткізу компаниясының жеке кабинеті,
қандай скрипті қоңырау қолдану, қандай да бір қҧжатта
қайдан іздестіру деген маңызды жҧмыстар реті сақталған.
Мен осы қҧжатқа бір-екі кҥн жҧмсадым, бірақ ойлап
қарасаңыздар,
жаңа
қызметкерге
осының
бәрін
тҥсіндіруге әлдеқайда кӛп уақыт пен жҥйкеңіз кетуші еді.
Осы нҧсқауды тіптен жас сәби де тҥсінуші еді. Сол себепті
қызметкердің жҧмыстан кетуі мен ҥшін қайғы емес, оның
орнына басқа жҧмысқа тез дағдыланатын қызметкер
келеді. Ӛміріңді жеңілдеткің келсе, мына кеңеске қҧлақ
ас: «Мықты есте сақтау қабілетіңнен гӛрі, қысқа
қарандашың болсын».
|