2-тапсырма
2 санына көбейту және бөлу кестесі
1-тапсырма
20
Суреттерге қара.
Әр баланың алақанында неше асықтан бар?
Барлығы неше асық?
Cанау материалдарын суретте көрсетілгендей қой.
Көбейту және бөлу амалдарының жазылуын
түсіндір. Әрбір сан нені көрсетеді? Ол қалай
аталады? Өрнектердің мәнін есепте. Теңдіктердің
мәнін түсіндір.
2-тапсырма
Айсұлудың әрбір секіргені 2 бірлікке тең. Оның екі, үш секіргенінде неше бірлік
бар?
3 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
1-тапсырма
Суреттер бойынша теңдіктер және теңсіздіктер құрастыр.
Бірінші суреттегі гіртастарды немесе көгөністерді пайдаланып, екінші суреттегі
таразы табақтарын қалай теңестіруге болады?
21
2-тапсырма
Есептерді шығар.
а) Сырым эстафеталық жарыста әр жүгірген сайын 3 доптан әкеледі. Егер ол 4 (5,
6, 9) рет жүгірсе, онда неше доп әкеледі?
ә) 12 (18, 9, 15) допты әр себетке 3-тен салатын болса, қанша себет қажет?
4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
1-тапсырма
Есептерді шығар
а) Тауға жорыққа шығу үшін әрқайсысында 6 адамнан 4 топ жиналды. Жорыққа
барлығы неше адам жиналды?
ә) 20 қалбыр консерві 4 жолқапшыққа теңдей бөлініп салынды. Әрбір
жолқапшыққа неше қалбыр консерві салынды?
б) Таудағы жорықтан соң 9 баланың әрқайсысы сыныпқа 4 фотосуреттен әкелді.
Балалар барлығы неше фотосурет әкелді?
в) 28 жорыққа қатысушы әр шатырға 4 адамнан орналасты. Неше шатыр
қажет болды?
2-тапсырма
Мысалдарды шығаруға көмектес және ең биік тауды анықта. Жауабын өсу ретімен
айт.
|