3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:
а) автомашинаны сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт;
ә) автомашинаны кепілге беру жөніндегі келісімшарт;
б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт.
127
Орынғазы Әбутәліп
4. Ақша қаражатын заемға алу-заемға беру жөніндегі мәмілелер:
а) пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт;
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт.
Келісімшартты тағы да мынандай түрлерге бөлуге болады.
•
Ұжымдық келісімшарт;
•
Неке келісімшарты т.б.
õ
Ерекшелігі:
1) Екі жақты және одан да көп жақты болуы.
2) Негізінен, мемлекетішілік құжат (кейбір жағдайларда
мемлекетаралық қарым-қатынастарда да жасалынады).
Құрылымы:
- құжат атауы;
- күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);
- тараптардың (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда,
қашан берілгені);
- келісімшарттың мәтіні;
- тараптардың қолы;
- нотариалдық кеңсенің жазбасы;
- нотариустың аты-жөні, қолы,
мөрі.
Ұжымдық келісімшарт
Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы
№493-1 Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы Заңына сәйкес
ұжымдық келісімшарт – бұл бір немесе бірнеше жұмыс берушілер мен
бір немесе бірнеше жұмысшы арасындағы жазбаша түрдегі еңбек
және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу үшін жасасқан
құқықтық акт.
Неке келісімшарты
Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 17 желтоқсан №321-I
Заңында
«Неке және отбасы туралы» айтылған.
Неке келісімшарты – некеге тұрғандардың немесе жұбайлардың
ажырасу барысында мүліктік құқықтарын және екі жақтың
міндеттерін анықтаушы тұлғалардың келісімі.
Неке келісімшарты некеге дейін немесе некеден кейін рәсімделуіне
болады, келісімшарт өз күшіне некеге тұрғаннан соң енеді.
Келісімшарттың нотариуста расталынуы үшін мына құжаттар
қажет:
•
нотариалды мекемеге екі жақтың да келуі;
•
неке туралы куәлік;
128
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
•
екі жақтың да жеке куәліктері (төлқұжаттары);
•
бар мүлікке келісімшарт түзілсе, мүлікке құқықтары бар құжат-
тар.
Мысалы, пәтердің мәселесі көтерілсе, Жылжымайтын мүлік
орталығынан тиісті құжаттарды беру қажет, осылардың арқасында
келісімшарт түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |