О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


АЛҒЫ СӨЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ –



Pdf көрінісі
бет2/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

АЛҒЫ СӨЗ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ – 
ҚАЗАҚ ТІЛІ
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 
1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңында Қазақстан Республикасында 
тілдердің қолданылуының құқықтық негіздері, мемлекеттің оларды 
оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауы жөніндегі міндеттері 
белгіленді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей 
құрметпен қарауды қамтамасыз ететін бұл Заңның 4 бабында: Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жазылған.
Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың бар- 
лық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу 
және ісқағаздарын жүргізу тілі екендігі аян. Сондықтан Қазақстан халқын топ- 
тастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру 
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы болып табылады.
Пәннің мақсаты – студенттерге ісқағаздарын қазақша жүргізудің дербес 
ғылым екендігін таныту, ісқағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, мұрағат 
ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету, 
ісқағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, 
лексикасы сияқты ерекшеліктермен таныстыру және күнделікті өмірде 
кездесетін әртүрлі ісқағаздарын сауатты жазып, сапалы жүргізуге үйрету 
болып табылады.
Ең алдымен, көңіл бөлетін нәрсе – ісқағаздарының, ресми құжаттардың 
тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, кез келген мекеменің 
қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру, тіркеу, қабылдау, 
ол бойынша жұмыс істеу, мұрағатқа дайындау т.б. өте қиын. Сондықтан 
болашақ маманды даярлау барысында бұл пәннің атқаратын рөлі зор.
Бұл оқу құралы – көптеген жылдар бойы жоғары оқу орындарында 
студенттерге мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізуді үйретудегі әдіс- 
тәсілдердің жемісі. Ісқағаздарын оқыту барысында олардың негізгі түрлерін 
мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, 
формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап, «Жеке адам өміріне қатысты іс 
құжаттар», «Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар», «Басқару 
ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар» деп бөліп қарастырылды.
Бұлай бөлу студенттердің құжат түрлерін тез меңгеруіне, олардың жалпы 
ісқағаздары ішіндегі орнын ажырата білуіне, әрқайсысының ерекшеліктерін 
сапалы түсінуіне және сауатты толтыруына оң ықпал етеді.


4
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Осылай үш топқа бөлу арқылы әрбір топтағы құжаттарға жеке-жеке 
тоқталып, анықтамасы, құрылымы, ерекшеліктері, тілдік бірліктері, үлгілері, 
жаттығулар, тапсырмалар, сөздік және сөз тіркестері т.б. бере отырып, әр 
құжаттың мазмұнын ашып, толық түсінік берілді. Жазбаша орындалатын 
материалдарда құжат мәтінін өз бетінше құрастыруға жағдаяттар беріліп 
отырды. Сондай-ақ студенттер өздерінің білімін тексере алатын лексика-
грамматикалық тесттер жинағына қоса глоссарийлер берілді.
Студент «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәнін оқып үйрену 
барысында: ісқағаздарын жүргізу ретін, оларға қойылатын талаптарды, ресми 
ісқағаздарын толтыруда сақталатын негізгі заңдылықтарды, құжаттарға 
қойылатын талаптарды, олардың топтастырылуын, жеке іс құжаттарын 
толтырудың жолын меңгереді. Студенттер ісқағаздарын мемлекеттік тілде 
жазбаша және ауызша түрде жүргізе білуге дағдыланады және сөйлеу 
мәдениетін үйреніп, сөздік қорын дамытады. 
Оқу құралы ЖОО студенттеріне, мемлекеттік тілде іс жүргізушілерге, 
оқытушыларға пайдасы тиеді деген сенімдеміз.
Автордан.


5
Орынғазы Әбутәліп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет