Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Қоғамдастық аясындағы көшбасшылық, команда құру және басты рөлдер



Pdf көрінісі
бет112/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   299
Қоғамдастық аясындағы көшбасшылық, команда құру және басты рөлдер
Нәтижесінде, кәсіби қоғамдастықтағы көшбасшылық басқа мектептермен жүргізілген 
ынтымақтастық оларға пайда әкелетініне сенетін мектеп басшыларына байланысты. Мектеп 
директоры үнемі көшбасшы бола бермейтінін мойындау маңызды. Бұл жерде басқа адамдардың 
көшбасшылығына жағдай жасап, серіктестікке сенім білдіру туралы сөз болып отыр. Зерттеу 
нәтижелері кәсіби қоғамдастықты ұйымдастыруда сәтті құрылған серіктестіктің оң ықпал 
ететіндігінің көптеген негізгі факторлары бар екенін растады.
Сәтті серіктестік мынадай факторларға байланысты:
• серіктестік пікірлес адамдардың бірлестігі ретінде қаралуға тиіс;
• сәтті серіктестіктер директорлардың толық қолдау көрсетіп, ілтипатты болуын талап 
етеді;
• серіктестіктің қызметін қадағалайтын жетекші адамның болғаны абзал;
• басқа әріптестер серіктестіктің тиімділігіне сеніп, жоспарлау үдерісіне қатысуға тиіс;
• бастапқы кезеңде серіктестік өлшемдерін айқындап, кез келген қызметті нәтижелі жо-
спарлау маңызды;
• серіктестік қағидаттары барлық қатысушыларға түсінікті болуға тиіс;
өткен тәжірибеге қарағанда, құндылықтар аса маңызды орын алады;
• серіктестік өзара тиімді болған кезде анағұрлым сәтті болады;
• серіктестік мәдениеттің өзгеруіне алып келуі мүмкін, сондықтан әріптестер серіктестік 
дамуы барысында болатын кез келген өзгеріс туралы жан-жақты хабардар болуға тиіс;
• мәлімделген мақсаттарға және өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге кепіл беру үшін 
тұрақты бақылау жүзеге асырылуға тиіс;
• атқарушы билік тарапынан мектептер арасындағы ынтымақтастық идеясын қолдау 
және оны ескеру аса пайдалы.
Қарым-қатынас орнату мен білімді тарату көшбасшылықтың басты міндеті болып 
келеді. Көшбасшылық жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың ықпалынан тыс барлық 
деңгейлерде дами алады және кәсіби қоғамдастықтың қызметіне қатыстыру арқылы болашақ 
көшбасшыларды тәрбиелеуге болады деген пікір бар. Көшбасшылықты дамыту үшін бірлесіп 
басқару және өкілеттіктерді беру арқылы жаңа мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі, сөйтіп 
көшбасшылардың жаңа типтері пайда болады. Табысты кәсіби қоғамдастықтар топтың өзге 
мүшелеріне өкілеттік беру үдерісін дамудың бастапқы кезеңдерінде-ақ жоспарлайды.
Табысты кәсіби қоғамдастықтар реформа жүргізу жөніндегі көптеген жұмыс топтарын құру 
арқылы жұмыс істейді. Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжінде жүргізілген зерттеу (2006) 
нәтижесінде анықталғандай, кәсіби қоғамдастықта әдетте жоспарлау және оң өзгерістерді 
жүзеге асыру функцияларын іске асыратын жұмыс топтарының үш түрі құрылатын болған. 
Осы командалардың әрқайсысы әртүрлі мүддені көздейтін адамдарды бір топқа біріктіріп, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет