С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал


«Даналық ағашы» (М. Жанпейісоdоs)ва)



Pdf көрінісі
бет42/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

 «Даналық ағашы» (М. Жанпейісоdоs)ва)
Студенттер мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып
шығуы тиіс (Гонг).
Енді әрқайсысы онда кездескен деректер, ұғымдар
бойынша күрделі сұрақ құрап, қағазға жазады.
Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған сайысқа қатысушылар
кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу
керек. Әр қатысушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, оған неғұрлым
толық жауап жазып, алдын ала дайындалған ағаш бұтағына апарып іледі. Оны
дауыстап оқытуға да болады. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды. 

Жарысты жалғастыр (М. Жанпейісоdоs)ва)
63


Мынадай ретпен жүзеге асырылады:
☺ оқытушы топты үш командаға бөледі;
☺ мәтінді оқып үйренуге уақыт береді;
☺ нөмірленген үш парақ әр командаға беріледі. Белгі бойынша олар
оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір-біріне
жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). Бұған белгілі уақыт бөлінеді;
☺ қорытындысы шығарылады. Қай команда неғұрлым көп фактілерді,
оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін; қай команда неғұрлым толық,
нақты, анық жауап бергенін оқытушы анықтайды. Дауыстап оқытып талдауға
да болады.
Білім биржасы (М. Жанпейісоdоs)ва)
Тақтаға конверттер ілінген панно бекітіледі, оларда әртүрлі деңгейдегі
тапсырмалар („5” –ке, „4”-ке, „3” –ке) бар. Әрбір
қатысушы конверттен мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай
тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауаптары
„ақциялармен” бағаланады. „Ақционер” – қатысушы
жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі
„ақциялар” алады: толық емес жауап – қызыл түсті
„акция”; дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап сары түсті „акция”; дұрыс
негізделген жауап – жасыл түсті „акция”. Әр „акцияның” бастапқы құны бар,
оны „банк” бекітеді. Баллдардың ең жоғарғы мөлшері түстердің санымен
анықталады (мысалы, егер қатысушыда қызыл түсті „акция” болса, онда
„түсімге” тек 2 балл қатысады, егер әр түсті болса, онда жоғары балл – 4).
Оқытушы- „банкир” әрбір студенттің „түсімін” есептейді. Егер қызыл
„акциялар” көп болса, бұл „акциялардың” „құны” төмендейді, ал егер жасыл
және сары көп болса, онда олардың „құны” артады. Мысалы, сарылар – 10, ал
жасылдар - 5-еу болса, онда жасыл „акциялар” сарыдан қымбат. Осы негізде
оқытушы – „банкир” баға қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет