С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет67/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

Салыстырмалы карта
99


Студенттерге шығарманың негізгі кейіпкерлері бойынша ой толғау
жасауға көмектесуге бағытталған графикалық органайзер.
1) Жұпта жұмыс. Әңгіме кейіпкерлерінің ішінен – кем дегенде екі есімді
ұсыну керек.
2) Кейіпкерлердің мінезін сипаттауға және келтірілген салыстырма
сөздердің дәйектемесін келтіруге уақыт беру керек.
3) Графика түрінде көрсету қажет.
Ауадағы сұрақтар
Оқыту мен оқуды алып қарайтын болсақ, оның өн бойында диалогтік
оқытудың жатқанын көреміз. Адамды танып-білу мен білім алушының ақыл-ой
деңгейін анықтауда да диалог ерекше рөл атқарады. Диалогке түсіп, пікір
алмаспайынша адамды тану мүмкін емес. Сол себепті де күнделікті өмірде
диалогтің орны маңызды, ал білім беру мен білім алуда да диалог бірінші
орында тұр. Ал оның негізі – сұрақ қою.
Сол себепті де оқытушылар мен студенттердің сұрақ қою дағдыларын
қалыптастыру қажет. Себебі сұрақ дұрыс қойылса, студенттердің білім деңгейін
анықтау тиімді болады. Олардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін
жетекші сұрақтар қажет. Оқытушыларқолданатын сұрақтар «төмен» және
«жоғары» дәрежелі болуы тиіс. Сабақ барысында сұрақтардың екі түрін де
тиімді қолданып, табысты нәтижеге жетуге болады. Бірақ сұрақтардың
дәрежесіне қарай қолдану реттілігін түсіну қажет. Оқытушыдер төмен және
жоғары дәрежелі сұрақтар қою дағдыларын қалыптастыру үшін «Ауадағы
сұрақтар» тәсілі де өз кезегінде тиімділігін көрсетіп келеді. Бұл ойын түрінде
жүргізіледі. Қатысушыларға шар үлестіріліп беріледі, бір сұрақ ойлап, оның
жауабын шарға жазуды сұраңыз. Шардың шетіне өз есімдерін көрсетіп қоюды
ұмытпауы тиіс. Олар шарларды бір-бірімен алмастырады. Шардағы жазылған
жауаптарға сұрақ қояды. Өз жауабы жазылған шар өзіне қайтып келгенше
қайталай беруге болады. Өз шары өзіне қайтып келген соң, сондағы сұрақтарды
төмен және жоғары дәрежелі деп екіге топтастырады. Бұл тапсырманың идеясы
- шарларда жазылған сөздерге түрлі сұрақтар жазу және олардың түрлерін
анықтау арқылы ашық және жабық сұрақтарды қою дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен қатар, бұл студенттерді белсенді іс-әрекетке жетелейді. Қызықты
жаттығу ретінде де қолдануға болады.
Шардың орнына оригамаларды (қағаздан жасалған) пайдалануға да
болады, мысалы, ұшақты алып, оның қанаттарына сұрақ не жауап жазғызу да
тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет