С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал


Фишбоdоs)ун (Балық сүйектері немесе қаңқасы)



Pdf көрінісі
бет66/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

Фишбоdоs)ун (Балық сүйектері немесе қаңқасы)
Бұл стратегия – проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын
қарастыру моделі болып табылады.Бұл сызбаны алғаш болып Каора Исикава
ұсынған. Оқыту процесінде бұл әдіс оқушылардың ортақ тақырыпты
талқылауына септігін тигізеді.Бұл балық сүйектерін тігінен және көлденең
орналастыруға болады.Жазылым қысқаша жазылуы тиіс.
Балықтың басына: зерттелетін , қаралатын, талқыланатын тақырып
жазылады.
Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған проблема себептері,
тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады.
Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама-
қайшылық тудырушы кедергілер жазылады.
Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған
тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.
Семантикалық карта
98


Семантикалық карта
 
- әңгіменің тірек терминдері арқылы
студенттердің ассоцицияларын анықтауға бағытталған графикалық органайзер.
1) Тірек сөзді таңдау, ол сирек қолданылатын немесе студенттерге белгісіз
сөз болуы мүмкін. Дегенмен ол мәтінді түсінуде маңызды болуы керек.
2) Студенттерге ұсынылған сипаттамаларды жіктеудің негізгі сұрақтарын
анықтау.
3) Студенттердің ұсыныстарын жаза отырып, сөздің барлық жіктеулерін
қамту үшін оларға өз сұрақтарын қойғызу.
Тұжырымдамалық карта
Тұжырымдамалық карта – бұл ақпаратты ұйымдастырып, белгілі бір
тәртіпке келтіріп ұсыну үшін пайдаланылатын диаграмма. Оны тақырыпты
түсіндіруде де, талдауда да қолдануға болады. Басқаша айтар болсақ, бұл –
шағын топтардың барлық топқа көрсету үшін өз ойларын тәртіпке келтіріп
жазудың анағұрлым қолайлы тәсілі. 
Жұмыс алгоритмі:
1. Диаграмманың ортасына негізгі идеяны жазу. 
2. Негізгі идеядан негізгі тақырыптарға тарайтын «тармақтарды» сызу.
Негізгі тақырыптарды сөздер/тіркестер немесе бейнелер түрінде белгілеу. 
3. Айтарлықтай маңызды емес, бірақ тақырыппен байланысты
мәселелерді көрсету үшін тақырыптардан туындайтын «тармақтарды» сызу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет