Көңіл-күйім жақсы
Көңіл-күйім жабырқаңқы
Көңіл-күйім орташа
Мына аюлардың бейнелері арқылы да студент өзінің сабаққа деген
қатынасын, психологиялық ахуалын танытады. Соған қарап оқытушы келесі
әрекетін ұйымдастырады. Сабақ барысында көбінесе студенттердің көңіл-күйі
ескерілмей жатады. Негізінен тақырып мазмұнын меңгерту үшін де білім
алушының психологиялық жағдайына назар аударып отырған абзал. Студент
жандүниесі қабылдай алмай тұрған нәрсені күштеп таңғаннан ештеңе өнбесі
белгілі. Сондықтан да мәселеге қатысты білім алушы көзқарасы, қатынасы
ескеріліп отырса, әрекет нәтижелі болмақ. Сонымен қатар, студент рефлексия
жасай отырып, өз әрекетін ұйымдастыруға да дағдыланады, саналы түрде есеп
беруге үйренеді, ойын жеткізу үшін тіл байлығын дамытады. Мысалы, көңілді
аю кейпінде өзін бейнелегенін айтып беру үшін балаға ой ұшқырлығы, логика,
оны жеткізу үшін сөздік қор қажет. Сонда бір ғана рефлексия жасата отырып,
оқытушы студенттің бірнеше қабілетін шыңдайды. Ең бастысы тұлға ретінде
өзінің ойлау қабілетіне, әрекетіне, оларды үйлестірудегі өз шеберлігіне баға
бере алатын болады. Өзінің кім екендігін пайымдап, алдына мақсат қойып,
жоспарлауға бейімделеді. Жалпы, рефлексия жасаудың философиясы тереңде
жатыр. Сондықтан, оған үстірт баға бергеннен гөрі мазмұнын жан-жақты ашып,
жеткіншектердің өз пікір-пайымын дәйектеп жеткізе алуына ықпал етуді мақсат
еткен жөн. Сонда олар болашақта қоғам алдында да рефлексивті тұлға екендігін
дәлелдей алатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: