Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет110/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

ТҮЙМЕЛІКТЕРДІ ӨҢДЕУ
2.4.1. 
Түймеліктердің міндеті мен түрлері
 
Түймелік функционалдық міндет атқарады. Ол киімді емін-еркін 
киіп, шешуге мүмкіндік береді. Көбінесе түймелікке әрлегіш 
бөлшектің түрін береді. 
Киімді түймелеуді бау, түйме мен ілгек, батырма, ілмек, 
карабин; белдікше мен айылбас, жиек, шиыршық; баулар, сыдырма 
түймелік, текстильді жапсырма түймеліктер (жабысқақ) арқылы 
орындайды. Осы элементтердің әрқайсысын негізгі бөлшекке 
өзінше бекітіледі. Түймелік элементтерін материалдың кем дегенде 
екі қабатына бекітеді. 
Баулар, 
белдікшелер, 
сыдырма 
түймеліктер, 
сондай-ақ 
шиыршық, жиек, айылбас ұстағыштарды негізгі бөлшекке қосып 
тігеді немесе жөрмеу тігісіне қондырып тігеді. Текстильді 
жапсырма түймелікті сырып тігеді. Түйме, батырма, ілмектерді 
қолмен не арнайы жабдықпен тағады. Карабин, арнайы түймелер 
мен батырмаларды, сондай-ақ баутесіктер мен баудың астындағы 
тесікті әшекейлейтін люверстерді негізгі бөлшектерде жапсарлау 
арқылы бекітеді. Бау астындағы тесікті, тілікті ілгектер сияқты
қолмен не арнайы жабдықпен көктейді. Тілікті ілгектер бір не екі 
әдіппен жөрмелуі мүмкін. күрмек (тұйық) ілгектерді қиықтарды 
өңдеу немесе бөлшектерді біріктіру кезінде тігістерге қондырып 
тігеді. Мұндай ілгектерді көлбеу көмкермеден не өрілген баудан 
дайындайды. 
Түймеліктердің киімде орналасуы модельмен анықталады. 
Кейде жабысып тұратын силуэттегі бұйымдарда екі түймелік 
жасайды. Технологиялық өңдеу ерекшеліктеріне байланысты 
түймеліктер үш түрге бөлінеді: 

негізгі бөлшектің бітеу тілігіндегі түймелік; 

тігістегі не бедердегі түймелік; 

негізгі бөлшектің тесік тілігіндегі түймелік. 
2.4.2. 
Негізгі бөлшектің бітеу тілігіндегі түймелік
 
Мұндай түймелікті жасау бітеу тілікті қиықтарды өңдеуге және 
негізгі бөлшектегі түймелеу элементтерін дайындауға немесе 
179


бекітуге әкеледі. Түймеліктің бітеу тілігінің қиықтарын шеттіктеу 
немесе жөрмеу тігісімен, сондай-ақ конструкциясы әртүрлі қосып 
тігу не бастыра тігу планкаларымен өңдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет