Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Планкалы тесік түймеліктер



Pdf көрінісі
бет119/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Планкалы тесік түймеліктер
. Планкалы түймеліктерде көп 
жағдайда бір үстіңгі жағын ғана өңдейді. Конструкциясына 
байланысты планканы қима немесе негізгі бөлшекпен тұтас 
пішілген етіп пішеді. Өз кезегінде қима планка бір қабатты болуы 
мүмкін, оның тұтас пішілген не қима астары немесе тұтас пішілген 
не қима өңірасты болуы мүмкін. Бұл конструктивтік ерекшеліктер 
түймелікті өңдеудің технологиялық реттілігіне әсер етеді. 
Бастырма планкалы түймеліктер
. Ол ішкөйлектер мен 
блузкаларда кең пайдаланылады. Бұл түймелікті өңдеу үшін бір 
қабатты қима планканы пайдаланады (2.19-сурет, 
а
). Негізгі 
бөлшекпен біріктірер алдында планканың бойлық қиықтарының 
бірін ішкі жағынан жатқыза үтіктейді. Одан кейін планканы беткі 
жағымен негізгі бөлшектің ішкі жағынан салады да, баса үтіктейді 
(
1
-тігім). Тігіс ені 7...10 мм. Одан соң планканы беткі жағына 
айналдырып, қосып тігу тігісін түзейді. Планка бойынша түймелік 
жиегінің бойымен әрлегіш 
2
-тігімді салады. Жатқыза үтіктелген бос 
жиекті бөлшектің беткі жағына сырып тігеді (
3
-тігім). Планканы 
негізгі бөлшекке арнайы құрылғысы бар екі инелі машинада бір 
айландырып сырып тігуге болады. Планканың етегін жабық қиықты 
бүктеме тігіспен бүгіп тігіп, сонымен қатар бұйым етегін өңдейді 
(4-тігім). Планканың үстіңгі шетінің қиықтарын жағаны қондырып 
тігу кезінде мойын ойындысының қиықтарымен бірге өңдейді. 
Планканың ортасынан тік ілгектер шалып тігеді. 
Қосып тігілген планкалы түймелік
. Оны астармен тұтас 
пішілген қима планканы пайдалана отырып дайындайды (2.19- 
сурет, 
б
). Планканы беткі жағымен негізгі бөлшектің беткі жағына 
жапсырады және үтіктеп қайып тігіспен қосып тігеді (1-тігім). Тігіс 
ені 5...10 мм. Планканы тұтас пішілген астарын ішкі жағын ішіне 
қаратып салады да, белгіленген сызық бойымен бүгеді және баса 
үтіктейді. Астарды бұйымның беткі жағынан планкаға сырып тігеді 
(2-тігім). Планка жиегінің бойымен әрлегіш 
3
-тігімді салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет