Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Тұтас пішілген планкалы түймеліктер



Pdf көрінісі
бет122/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Тұтас пішілген планкалы түймеліктер
. Негізгі бөлшектің 
беткі жағына негізгі бөлшектің ортаңғы сызығынан екі жағынан да 
тең арақашықтықта орналасқан екі бүкпе сызығын белгілейді (2.19- 
сурет, 
д
). 
Негізгі бөлшекті белгі сызықтарының бойымен ішкі жағына 
планканың бойлық қиығы планка мен алдыңғы бойдың арасында 
бөлшек бүкпесінде орналасатындай етіп екі рет бүгеді. Бүкпелерді 
жатқыза үтіктейді. Бөлшекті планка жақтан екінші бүкпе 
сызығының бойымен бүгіп тігеді (
1
-тігім). Бүгіп тігу тігісінің ені 
3...5 мм. 
Негізгі бөлшекті жасалған тігім бойымен бетекі жағына бүгеді 
және жасалған қатпарды алдыңғы бой жаққа бағыттай отырып баса 
үтіктейді. Планканың жиегі бойынша қатпар еніне тең жиектен 3...5 
мм арақашықтықта 
2
-тігімді салады. Планканың үстіңгі қиығын 
кейінірек, жағаны қондырып тігу кезінде өңдейді, ал астыңғы 
қиықты бұйым етегін өңдеу кезінде бүгіп тігеді (
3
-тігім). 
Өнеркәсіптік өндірісте тұтас пішілген планканы арнайы 
құрылғысы бар тізбекті инешаншымдық екі инелі машинада бір 
операция кезінде дайындайды (2.19-сурет, 
е
). 
Планкалармен тесік тілікті өңдеу кезінде бұйымда тілік 
ілгектермен, түймелермен, батырмалармен, текстильді жапсырма 
түймелікпен түймелеу қарастырылады. Ілгектерді дайын планкада 
оның енінің ортасынан көбінесе тік, сирек жағдайда көлбеу бағытта 
айналдыра көктейді. Түймелерді ілгектердің орналасуына сәйкес 
түймеліктің басқа жағына тағып тігеді. Батырмаларды бекітеді, 
текстильді жапсырма түймелікті дайын планкаға сырып тігеді. 
Өңірастылы тесік түймеліктер
. Өңірасты негізгі бөлшектің 
тесік тілігінің өзіндік пішілген әдібі болып табылады. Оның сыртқы 
қиығы негізгі бөлшектің қиығына сәйкес келеді. Әдіптен 
айырмашылығы, өңірастының ені бүкіл ұзындығы бойынша бірдей 
емес. Конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты өңірасты негізгі 
бөлшекпен тұтас пішілген, қима, қиып қысқартылған, үстіңгі 
жағамен тұтас пішілген болады. Бұл оны технологиялық өңдеудің 
сипатын анықтайды. Өңірастылардың барлық түрлері ортақ жайт 
бастапқы өңдеу болып табылады. Өңірастын қатырмалайды. 
194


Желімді іштік өңірасының ішкі қиығына дейін 3...7 мм-ге, мойын 
ойындысы мен иық қиығына 1...2 мм-ге жетпеуі тиіс. Өңірастының 
ішкі қиығын жиектеп торлайды, көмкерлейді немесе бүгілетін 
қосымшасының ені 5...10 мм кезінде ені 1...3 мм ашық қиықты 
бүктеме тігіспен бүгіп тігеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет