Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Екі тігісті, жартылай кең етекті және кең етекті



Pdf көрінісі
бет23/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Екі тігісті, жартылай кең етекті және кең етекті 
белдемшеде 
(1.8-суретті қараңыз, 
д, е) 
алдыңғы және артқы ендерде 
арқаужіп бөлшекті бойлай ортасынан жүргізілген сызыққа 
параллель өтуі тиіс. Бірнеше бөліктен тұратын белдемшелерде 
арқау белдемшенің әрбір бөлігін бойлай ортасынан жүргізілген 
сызыққа параллель өтуі тиіс. Егер етек кеңдігі белдемшенің етегі 
жағында біркелкі бөлінбесе, онда арқаудың бағыты модель жөнідегі 
конструктормен анықталады. Біртегіс боялған мата үшін және 
бағытталмаған суреті бар мата үшін арқаудың қалыпты бағытынан 
3% ауытқуға жол беріледі. Жолақты не торлы суреті бар мата үшін 
ауытқуға жол берілмейді. 
28


Бір бөлшектен тұратын 
жеңдерде 
(1.8-суретті қараңыз, 
г

арқаужіп алдыңғы қиықтың үстіңгі және астыңғы нүктелерін 
біріктіретін сызыққа параллель өтуі тиіс. Біртегіс боялған мата мен 
бағытталмаған суреті бар матадан пішілген тұтас жең және екітігісті 
жеңнің үстіңгі бөлігі үшін арқаужіптің қалыпты бағытынан 2% 
ауытқуға жол беріледі, жолақты не торлы суреті бар матадан 
ауытқуға жол берілмейді 
Қосып тігілген манжетада 
(1.8-сурет, 
и) 
арқаужіп бөлшекті 
бойлай ортасымен жүргізілген сызыққа параллель өтуі тиіс, ал 
қайырма манжетада арқаужіп жеңдегі арқаужіптің бағытымен 
сәйкес келуі тиіс. Біртегіс боялған мата үшін және бағытталмаған 
суреті бар мата үшін тек қосып тігілген манжеталарда ғана 
арқаужіптің қалыпты бағытынан 2% ауытқуға жол беріледі. Басқа 
манжеталар мен жолақты немесе торлы суреті бар матадан пішілген 
манжеталар үшін ауытқуға жол берілмейді. 
Жағада 
(1.8-суретті қараңыз, 
з
) арқаужіп ұштарын біріктіретін 
жаға қырына тура параллель өтуі тиіс. Біртегіс боялған мата мен 
бағытталмаған суреті бар мата үшін ғана арқаудан 1% ауытқуға жол 
беріледі. 
Өңірастымен тұтас пішілген жағаларда арқау жағаның ортаңғы 
сызығына 45° бұрыш негізінде өтуі тиіс. Біртегіс боялған маталар 
үшін 5% ауытқуға жол беріледі. 
Астыңғы жағада арқаужіп жағадағы арқаудың бағытымен сәйкес 
келуі тиіс. Біртегіс боялған мата мен бағытталмаған суреті бар мата 
үшін арқаудың қалыпты бағытынан 3% ауытқуға жол беріледі. 
Жолақты не торлы суреті бар мата үшін ауытқуға жол берілмейді. 
Өңірастында 
(1.8-суретті қараңыз, 
ж
) арқау өңірастының 
сыртқы шетіне параллель өтуі тиіс. Біртегіс боялған мата мен 
бағытталмаған суреті бар мата үшін 3% ауытқуға жол беріледі. 
Жолақты не торлы суреті бар мата үшін ауытқуға жол берілмейді. 
Белбеуде 
(1.8-сурет, 
к
) арқаужіп бөлшекті бойлай ортасымен 
жүргізілген сызыққа параллель өтуі тиіс. Біртегіс боялған мата мен 
бағытталмаған суреті бар мата үшін 1% ауытқуға жол беріледі. 
Жолақты немесе торлы суреті бар мата үшін ауытқуға жол 
берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет