Дәріс Тақырыбы: Қоршаған орта сапасының нормативтері. Мақсаты: Қ



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі22,38 Kb.
#131914
  1   2   3
Байланысты:
5121642265693 Дәріс 1 Экологиялық нормалау және сараптама


Дәріс 1 . Тақырыбы: Қоршаған орта сапасының нормативтері.
Мақсаты: Қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктеу.
Дәріс сұрақтары:
1. Қоршаған орта сапасының нормативтері және оларды белгілеу тәртібi
2. Қоршаған ортаның сапасын бағалайтын нормативтер
3. Табиғи ортаға әсерлердің жол берілетін нормативтері 


1. Қоршаған орта сапасының нормативтері – адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер (ҚР Экологиялық кодексі).


Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
(2017.27.02. берілген
23-бабына сәйкес Қоршаған орта сапасының нормативтері және оларды белгілеу тәртібi


1. Қоршаған орта сапасының нормативтеріне:
1) қоршаған орта жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген нормативтер, оның ішінде радиоактивті заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шекті шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауіпсіз деңгейлерінің нормативтері;
2) қоршаған орта жай-күйінің физикалық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде шудың, тербелістің, магнит өрістерінің, радиоактивтіліктің, жылудың және өзге де физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері;
3) қоршаған орта жай-күйінің биологиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің түрлері мен топтарының нормативтері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетін, микроорганизмдердің жол беруге болатын шекті шоғырлану нормативтері:
топырақ бонитеті, қарашіріндінің құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткіштері және жер топырағының басқа да сипаттамалары;
аумақтың ормандылығы және онда орман өсіру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйі, орман қорының жекелеген учаскелерінің басқа да сандық және сапалық көрсеткіштері;
ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтері;
табиғи ресурстар жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері;
4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері жатады.
2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жол беруге шекті шоғырлану нормативтерін белгілеу мақсатында зиянды заттарды қауіптілік дәрежесіне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Мемлекеттік тіркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беріледі.
3. Жол беруге болатын шекті шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауіптілік деңгейлерінің нормативтерін белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралыжануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады.
4. Табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбір түрі бойынша белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет