Жұмыс орындарынан басқа бөлшектер мен дайын өнімнің
пішімін сақтауға арналған тиісті орындар болуы тиіс.
Пішімді жіберу аймағында орналасқан арнайы ұяшықтары бар
бір және екі қабаттық стеллаждарда сақтайды. Сөрелердің ені
0,7...0,8 м, ұяшықтардың ұзындығы мен биіктігі пішім будаларының
өлшеміне қарай 0,6...0,9 және 0,5...0,7 м. Стеллаж биіктігі 2 м-ден
аспайды, ұзындығы бөлшектер қорына байланысты белгіленеді.
Секциялар арасында жартылай фабрикатты биіктігі 0,5 м
ұяшықты стеллаждарда сақтайды.
Дайын өнімдерді ілінбеген күйде биіктігі 0,5 м ұяшықты
стеллаждарда сақтайды. Жүн және жібер маталардан жасалған сырт
киімді,
әйелдер
көйлектерін
ілулі
күйде
жылжымалы
кронштейндерде сақтайды.
Ағында жұмыс орындарын ағынның ұйымдастыру нысанының
типіне қарай орналастырады. 5.22-суретте конвейерде жұмыс
орындарын
орналастыру
мысалы
келтірілген.
Конвейерлік
ағындарда жұмыс орындарын ең қолайлы орналастыру –
жұмысшының конвейерге сол қырымен орналасуы жағдайында
агрегаттың бойлық осьіне тік бұрышпен орналастыру болып
табылады.
Топтық
(агрегаттық-топтық)
ағындарда
жұмыс
орындарын
бұйым
түйіндерін
өңдеу
топтары
бойынша
орналастырады. Жұмыс орындарын бір-біріне қатысты орналастыру
әртүрлі болуы мүмкін, бұл мұндай ағындарды стандартты емес
орынжайларда орналастырған жағдайда, оларды қолайлы етеді.
5.24-суретте агрегаттық-топтық ағындарда жұмыс орындарын
жартылай фабрикаттарды беру тәсіліне қарай орналастыру мысалы
келтірілген. ТӨОҒЗИ ағында жұмыс орындарын орналастыру үшін
мынадай нұсқалардың бірін пайдалануды ұсынады:
■
топтарды орындалатын жұмыстардың біртектілігі бойынша
орналастыру;
■
технологиялық реттілікке сәйкес тізбекпен орналастыру;
■
ағындарды (бір бұйымды дайындайтын) кооперациялау
принципі бойынша құрама орналастыру.
Жұмыс орындарын ағынның осьтік сызығына немесе үстел
арасына қатысы бойынша ТӨОҒЗИ мынадай нұсқаларға сәйкес
орналастыруды ұсынады:
■
конвейердің тасымалдаушы таспасына немесе үстел арасына
перпендикуляр;
■
ағынның осьтік сызығына (үстел арасына) параллель, бұл ретте
бұйым бөлшектері мен түйіндері солдан оңға қарай беріледі;
■
ағынның осьтік сызығына 45° бұрышпен диагональ бойынша.
Ағында жұмыс орындарын орналастыру пішімді беру, жартылай
Достарыңызбен бөлісу: